You are here

БАҚ өкілдеріне мәлімет

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас Прокуроры Ж. Асанов Ақтөбеде прокуратура саласына жаңадан қабылданатын 4 үміткермен кездесті. Жастардың жалынды жігерлері мен ұшқыр ойларына тәнті болған Бас Прокурор олардың болашақ қызметіне сәттілік тіледі.    

Естеріңізге сала кетсек, шілде айында Астанадағы Назарбаев Университетінде еліміздің Бас Прокуроры «Прокуратураға – үздік мамандар» жобасын таныстырған болатын. Араға 1 жарым ай салып, тамыз айының ортасында республика бойынша  Прокуратура саласына жаңа қызметкерлер қабылдау конкурсы өтті.

 Ақтөбе қаласы бойынша 1 орынға 88 адам таласқанын айта кету керек. Кейін заңнаманы білу талабынан 23 азамат еш кедергісіз өтті. Оның тек 4-уі ғана ең үздік деп танылды. 

Конкурс барысында үміткерлерге талап қатаң болды. Әсіресе, беймәлім тақырыпқа эссе жазуға аса мән берілді. Шығармаларды Назарбаев Университетінен келген сарапшы мамандар тексеріп, бағасын берді. Ең үздік деп танылған түлектер барлық талаптар мен конкурстардан сүрінбей өтіп, 4-тен жоғары балл жинады.

Олар:

1.     Өтенова Асел Шалытайқызы, 12.02.1992,

        (Қ. Жұбанов атындағы Актөбе өңірлік мемлекеттік университет)

2.     Толыбеков Мақсат Мұратұлы, 23.01.1982,

        (Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті)

3.    Тайланова Ләззат Хамитқызы, 19.11.1992,

        (Қ. Жұбанов атындағы Актөбе өңірлік мемлекеттік университет)

4.     Өмірсеріков Азамат Жалғасұлы, 03.07.1993

        (Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті)

Конкурс бойынша бос лауазым жалғыз болғандықтан бұл азаматтардың біреуі қызметке қабылданып,  үшеуі резервке тұратын болады. Оларға кез-келген келесі босаған лауазым ұсынылып, жедел арада жұмысқа қабылданбақ.   

Естеріңізге сала кетейік, Ж. Асанов Ақтөбеге сапарында еліміздің одан әрі дамуы жолында жастардың маңызды орын алатынын атап көрсеткен болатын. Бас Прокурор мақсат қойғыш, аянбай еңбек етуге талпынғандар үшін әрдайым сұраныс болатынын баса айтты.       

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.