You are here

Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетiгiне қатысушылармен өзара іс-қимыл мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың кеңесі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылдың 16 мамыры)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Қазақстандағы азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетiгiне қатысушылармен өзара іс-қимыл мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың кеңесі болып өтті. Оның ұйымдастырушылары Бас прокуратура, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі және Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы болып табылады.

Жиналыс жұмысына Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңес мүшелері, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшелері, бейнеконференциялық байланыс арқылы – облыстардың прокурорлары, өңірлік мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Бас Прокурордың орынбасары Жакып Асанов жиналыстың ашылуында атап өткендей, азаптау салмақты қылмыс болып табылады және ол ешбір жағдайда да ақталуға жатпайды. Азаптауды және тергеу жүргізудің өзге де заңсыз әдістерін жою құқық қорғау органдарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Өткен жылы азаптауды қолдану фактілері бойынша 35 қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдарының 31 қызметкері сотталды. Азаптаумен байланысты қылмыстардың жасырын сипатына қарамастан, қабылданған жүйелі шаралардың, тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін пайдалануға қатаң ден қоюдың нәтижесінде кейінгі бес жыл ішінде осы санаттағы қозғалған қылмыстық істер саны он еседен астамға артқан. Отырыста атап өтілгендей, соңғы жылдары елімізде адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды бекіту бойынша айтарлықтай қадамдар жасалды, азаптауды ескерту бойынша тиімді шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстан адам құқықтарын қорғауға қатысты бірқатар халықаралық конвенцияларға қосылды, соның ішінде Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияны ратификациялады. Азаптауды қолдану үшін, сондай-ақ азаптауды қолдану арқылы алынған дәлелдерді есепке алуға болмайтындығы бойынша жауапкершілік туралы қылмыстық заңнаманың нормалары халықаралық стандарттарға сәйкес келтірілді.        

Азаптауға қарсы  ұлттық алдын алу тетiгi аталған Конвенцияның Факультативтік хаттамасын орындау үшін жасалған және тұңғыш рет азаматтық қоғам өкілдеріне жабық түрдегі мекемелерге кедергісіз кіру, сондай-ақ азаптаудың қолданылғаны туралы шағымдар мен арыздардың барлығын жедел әрі тиімді тергеу құқығын береді.

Қоғамдық бірлестіктердің мүшелері ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары болып табылады, олар Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің бастамасымен жұмыс жасайтын болады. Құқық қорғау мандатына сәйкес олар заңмен қарастырылған түзеу мекемелерін, тергеу абақтылары, уақытша ұстау абақтыларына және басқа объектілерге шығатын болады.

Омбудсмен А.Шакиров өз сөзінде Қазақстанда ұлттық алдын алу тетігін іске асыру тәжірибесі бірқатар мәселелерді анықтағанын айтып өтті. Аталған тетіктің белгілі бір жаңашылдығын есепке ала отырып, қазіргі таңда мониторингтеуге жатқызылатын мемлекеттік мекемелердің басшыларымен және қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Отырыс барысында Ұлттық алдын алу тетігін іске қосумен байланысты көптеген тәжірибелік мәселелер, Ұлттық алдын алу тетігінің мандаты шеңберінде мемлекеттік органдар және азаматтық қоғам арасындағы өзара келісілген іс-қимылдар бойынша жан-жақты пікір алмасу болды. Кеңеске  қатысушылар аталған процестегі жоғары қадағалауды және конституциялық нормалардың орындалуын, азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарының сақталуын үйлестіруді жүзеге асыратын Бас прокуратураның анықтаушы рөлін атап көрсетті.

Сондай-ақ, мониторингтеуге жатқызылатын мекемелермен Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың арасындағы жемісті ынтымақтастықты орнату мәселелері, сонымен қатар ұсталғандар мен сотталғандардың құқықтарының бұзылуын шұғыл түрде жою, шиеленісті жағдайлардың алдын алу, мониторингке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселелер талқыланды.

Кеңеске қатысушылардың ортақ пікірлері бойынша, Азаптауға қарсы ұлттық алдын алу тетігі адам құқығын қорғау саласындағы  алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттардың бірі болып табылады. Сондықтан оның құрылуы Қазақстан үшін адам құқықтарын қорғау кепілін нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Ж.Асанов жаңа құқықтық институттың еліміздегі заңдылықты нығайтудың, құқық қорғау органдарының қызметіне қоғамдық бақылауды күшейтудің әрекет етуші құралы, алда тұрған міндеттердің табыстылығының басты кепілі болатындығын атап көрсетті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.