You are here

Азаптау фактілері бойынша тергеу алды тексеру және алдын-ала тергеу жүргізу мәселелері бойынша семинар-кеңес туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 27 қыркүйек 2013 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада «Азаптау фактілері бойынша тергеу алды тексеру және алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері» тақырыбына семинар-кеңес өткізілді.

Оның жұмысына Ішкі істер министрлігі, Экономискалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және Астана қаласындағы жоғарғы оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты азаптау туралы қылмыстық істерді тергеу бойынша тәжірибе алмасу және проблемалық сұрақтарды талқылау болды.

Жиналысты ашқан Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев өткізіліп жатқан семинар кеңес азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда орасан зор рөл атқаратындығын атап өтті. Азаптауға қарсы Конвенцияға қосылғаннан бері мемлекетіміз азаптауға жол бермеудің тиімді шараларын қолдану және тергеу барысында заңсыз әрекеттерге жол бермеу және оны ескерту туралы міндеттемелерді қабылдады.

Соңғы жылдарда Бас прокуратура аталған шараларды іске асыру барысында азаптауды ескерту және оны түбегейлі жоюға бағытталған біршама іс шаралар атқарды.

Азаптау фактілері бойынша тергелетін қылмыстық істердің  сапасы жинақталған тәжірибеге және жедел-тергеу жұмыстарына тікелей байланысты. Сондықтан да семинар-кеңесте негізінен азаптау фактілеріне байланысты істерді тергеуде арнайы прокурорлардың тергеу әдістерін жақсарту мәселелері қаралды.

Құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс тәжірибесімен, аталған санаттағы істерді тергеудің дағдысымен алмасты. Сот дәрігерлік сараптама орталығының сарапшылары азаптау іздерін зерттеу бойынша сот дәрігерлік сараптаманың жаңа жетістіктерімен бөлісті. Арнайы прокурорлар азаптау фактілері бойынша істерді тергеудегі ерекшеліктерге тоқталды.

Бас Прокурордың орынбасары Нұрмаханбет Исаев кеңесті қорытындылай келе осы іс-шараның алдағы уақытта аталған санаттағы қылмыстық істерді тергеуде адамдардың құқығын қорғаудағы  өзектілігін атап өтті.

Азаптауға қарсы іс-әрекеттерді тиісті жолға коюда прокуратура органдарына айрықша орын бөлінген және олар азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғай отырып, құқық қорғау органдарына деген қоғамның сенім деңгейін арттыруға септігін тигізулері тиіс.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.