You are here

Азаматтардың өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдау туралы (Астана қ., 19 маусым 2014ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылдау» пилоттық жобасын іске қосты.

Жоба Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында сынақтан өткізіледі, олар бүгінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына және Астана қаласының прокуратура органдарына (Астана қаласының, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының прокуратуралары) жолданған өтініштерді қабылдай бастады.

Енді арызданушылар жеке куәлікті ұсыну арқылы елорданың кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығында жазбаша өтініш беріп, оған жауап ала алады.

Өтініштерді қабылдау рәсімі аяқталған соң сотпен куәландырылған сот актілерінің көшірмелері, қағаз нұсқадағы немесе электрондық ақпарат тасығыштардағы (флэшкалар, дискілер) өзге өтініштер қоса берілген қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне наразылық білдіру туралы өтінішхаттарды қоспағанда өтініштердің қағаз нұсқалары арызданушыларға қайтарылып беріледі.      

Осы жоба азаматтардың прокуратура органдарына өтініш беруін оңайлату, бұзылған құқықтарын дереу қалпына келтіру мақсатында әзірленген. Сондай-ақ жоба прокуратура органдарында қағаз құжат ағынын азайту жолымен құжат айналымын одан әрі оңтайландыруды көздейді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.