You are here

Азаматтардың құқықтарын қорғау туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының  2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңын орындау мақсатында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті азаматтардың өтініштерін есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бойынша үлкен жұмысты атқарды.     

Бұл жүйе нақты уақыт тәртібінде мемлекеттік органдардың өтініштермен және шағымдармен жұмыс істеу жағдайын бақылауға, олардың сипатын, үрдісін талдауға және әлеуметтік шиеленісу ошақтарын болжауға мүмкіндік береді.

Сипаттар мен түрлерге шектелген өтініштер бойынша мәліметтер, оларды қарау нәтижелері көрсетіле отырып, 8 137 мемлекеттік органнан және жергілікті өзін өзі басқару органдарынан он-лайн келіп түседі, олардың ішінде 2 452 ауылдық және 3 874 аудандық буындағы, 934 қалалық, 807 облыстық және 70 мемлекеттік органдардың орталық аппаратынан.

Бұл тек қана әкімдіктердің, министрліктердің және ведомстволардың ғана емес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, Парламент Мәжілісі мен Сенатының, Жоғарғы Соттың жұмысы туралы деректерді де қосатын бірден бір есептілік нысаны.

Республика бойынша жыл басынан бері барлығы 1 048 483  өтініш тіркелді, олардың ішінде 841 578 жеке тұлғалардан және 206 905 заңды тұлғалардан.

883 249 өтініш, 75 679 шағым және басқалары – 89 555 келіп түсті.

Халық көбінесе жерді пайдалану мен табиғи-шикізат ресурстарын пайдалану – 22% (227 763), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - – 8% (77 826), әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету – 7% (74 473), тергеу және анықтау – 6,8% (72 228) мәселелері бойынша жүгінеді.

Күнделікті жаңартылатын статистиканың көмегімен «алдыға озып» жұмыс істеуге, тіпті отбасындағы қайғының алдын алуға болады. 

Әскери қызметкерлердің кредиттердің болуынан суицид жасаған жағдайлары белгілі, олардың көпшілігінің кәмелетке толмаған балалары бар.

Комитетте кредиттер бойынша қарыздарды өтеуге көмек көрсету туралы банк өтініштерінің саны туралы мәліметтер бар.

Жекелей алғанда, Қорғаныс министрлігі Комитеттің ақпараты бойынша жеке істерді зерделеуге дейінгі бірқатар ұйымдастыру шараларын қабылдады.

Нәтижесінде, әскери қызметшілердің кредиттік қарыздарын төлеуі бойынша көмек көрсету мәселесі жөнінде банктердің әскери органдарға жүгінулерінің саны 20%-ға төмендеді (558-ден 445-ке дейін) Ағымдағы жылы осы санат бойынша суицидтер тіркелген жоқ.

«Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамын» іске асыру жөніндегі іс-шаралардың бірі азаматтарды медициналық қамтамасыз етуді жақсарту болып табылады.

Сонымен қатар, медициналық қызмет көрсету деңгейіне және жалпы денсаулық сақтауға азаматтардың 3 599 шағымы тіркелді. Медицинаға ең көп наразылық білдірген Алматы– 760, Жамбыл – 290 және Оңтүстік Қазақстан – 281 облыстарының тұрғындары.

Шағым бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді немесе қорғауды талап ету тәсілі болып табылатындығына қарамастан, мемлекеттік органдар шағымдарды «өтініштер» немесе «өзгелер» ретінде тіркеу фактілеріне қасақана жол береді.

Мұндай бұзушылық Алматы – 61, Ақтөбе – 140, ШҚО – 36 облыстарының мемлекеттік органдарында анықталды.

Мысалы, ШҚО-да еңбекақыны төлемеу мәселесі жөніндегі шағым «өтініш» ретінде тіркелген.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мәліметтер сәйкес келтірілді.

«Айқын» ақпараттық сервисі халыққа құжаттардың өту үрдісінің айқындылығын қамтамасыз етуші құрал, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шара ретінде танымал.

«Айқын» сервисі азаматтардың өтініштері қай жерде еленбей қалады, қайта жолданады немесе олардың қай жерде одан әрі жылжуына жол бермей қатталып жататынын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Оған өтініштерді қарау кезіндегі мерзімдерді бұзу фактілерінің төмендеуі дәлел болып табылады. Егер 2015 жылдың 3 айында 2 030 өтініш мерзімі бұзылып қаралса, олардың бүгінгі күнгі саны 1 745-ті құрады.

Аймақтар бойынша мерзімдерді бұзудың ең көп саны Астана – 596 не 34%, Алматы 469 не 26,8%, Ақтөбе – 123 не 7% және Маңғыстау 121 не 7% облыстарының мемлекеттік органдарында жіберілген.

Осылайша, атқарылып отырған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде елдегі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау күшейді.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.