You are here

Азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғау

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуына көп мән береді.

Достық көлік прокуратурасымен  тұрақты түрде еңбек құқықтарының сақталуына бақылау жүргізіледі.

Жүргізілген талдау барысында «Арқа құрылыс компаниясы» ЖШС 2013 жылдың шілде, тамыз, қыркүйек айларына 68 қызметкерге еңбек ақы төленбегені анықталып, соның салдарынан Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 134-бабының 1-бөліміне сәйкес жалақы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақшалай нысанда айына кемінде бір рет, келесі айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді деп көрсетілген талаптарының бұзылуына әкеп соққан. Жалақыны төлеу күні еңбек және ұжымдық келісім-шарттармен белгіленеді.

Жоғарыда көрсетілген кезеңге ЖШС-нің қызметкерлерге төлемеген еңбек ақының сомасы 12 млн. теңгені құраған.

Анықталған заң бұзушылықтар бойынша серіктестік атына шұғыл түрде еңбек ақы төлеу жөніндегі заң бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым еңгізілген.

Алайда, серіктестік еңбек ақы борышын төлемей, пәрменді шаралар қолданбаған.

Осыған сәйкес, прокуратура мәжбүрлі түрде прокурордың талаптарын орындау қаулысын шығарып, Астана қаласы бойынша Сот актілерін орындау департаментіне жолданды.

Қазіргі уақытта серіктестік мәжбүрлі түрде 12 млн. теңге өндіріп, оны қызметкерлерге еңбек ақы түрінде төледі.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Достық көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.