You are here

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталу жағдайы, оның ішінде жалақыларының уақтылы төленуі прокуратура органдарының үнемі бақылауында.

         Ағымдағы жылы енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижесінде 70 мыңнан астам азаматтардың 6,2 млрд. теңге жалақыларының төленуі қамтамасыз етілді.

         Мысалы, Қостанай облыстық прокуратурасының ұсынысы негізінде «Азия Алтын 2000» ЖШС-мен 2015 жылдың қыркүйек айына тиесілі 95 жұмысшының 9,2 млн. теңге жалақысы төленді.

         Батыс Қазақстан облысы прокурорының ұйғарымымен «Сатбор» ЖШС-нен 72 жұмысшының алдында қалыптасқан 12 млн. теңге жалақысының төленуіне қол жеткізілген.

         Жалпы, ағымдағы жылы қолданылған шаралар нәтижесімен 156 ұйымдағы қарыздар толық өтелген.

         Сонымен қатар, жекелеген ұйымдарда қарыздардың ұзақ мерзімде өтелмегенін атап өткен жөн.

         Мысалы, «СПК Квант» ЖШС жұмысшыларының алдындағы қарыздары 2010 жылдан, «Гешефт-21» ЖШС - 2011 жылдан және «ҚазАвто-Транс» ЖШС - 3 жылдан астам уақыт бойы қалыптасқан.

         Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және үнемі бақылауға алынған. 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.