Азаматтардың еңбек құқықтары қорғалды

19 қаңтар 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуратурасы «Облыстық «Сарыағаш» балалар шипажайы» МКҚК-да (бұдан әрі - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің талаптарының сақталуына және мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізу барысында кәсіпорынның 2014 жылдың қараша-желтоқсан айларына 78 қызметкеріне жалпы сомасы  6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары бойынша берешек туындағаны анықталды.

Кәсіпорынның 78 қызметкерінің конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында ОҚО Сарыағаш аудандық прокуратурасы шипажайдың бас дәрігерінің атына ұсыныс енгізді.

Оны қарау нәтижесімен 78 қызметкерге 6 771 209 теңге мөлшерінде жалақылары толық көлемінде төленіп, олардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу