Айыпталушыны Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға беру туралы БАҚ үшін ақпарат

17 ақпан 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Алматы әуежайында Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ірі көлемде ұрлағаны үшін айыпталып отырған А.Гатауллинді Қазақстан Республикасына тапсырды.

Қылмыс жасағаннан кейін Гатауллин тергеуден жасырынып қалған болатын, осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2014 жылдың желтоқсанында халықаралық іздеуге санкция берді. Оны Интерпол Дубай қаласында ұстады.

 Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-қимылының нәтижесінде Гатауллин қазақстандық тарапқа берілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу