Айыпталушы М. Аблязов сотқа берілді

02 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қылмыстық-процестік кодекстің (бұдан әрі - ҚПК) 304-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2018 жылғы  2 қазанда айыпталушы М.К. Аблязов Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігінің  «ж», «з» тармақтары бойынша (1997 жылғы 16.07. редакциясындағы) сотқа берілгенін хабарлайды.

М.К. Аблязовқа қатысты істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайтын болады.

М.К. Аблязовқа  2004 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін, «Тұран Әлем Банкі» АҚ банкін бақылауды қайтару мақсатында, осы банктің басқарма төрағасы  Е.Н. Татишевті өлтіру үшін 4 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай сыйақыға М.Ш. Токмадиді жалдаған деген айып тағылды.

2004 жылғы 19 желтоқсанда М.Ш Токмади., М.К. Аблязовтың мүддесі үшін әрекет ете отырып, Жамбыл облысының Қордай ауданында аңшылық кезінде аңшы қарумен  Е.Н.  Татишевті өлтірді.

Содан кейін М.К. Аблязов директорлар кеңесінің төрағасы ретінде сайланып, аталған банкке басшылық етті.

Бұдан бұрын, қылмыстық қудалау органы М.К. Аблязовты бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде «Le FIGARO» және «I`Opinion» француз газеттері арқылы оның тергеу әрекеттеріне қатысу қажеттілігі туралы бірнеше рет хабарлады.

М.К. Аблязовтың және оның қорғаушысының келмеуіне байланысты, айыпталушыға ҚПК  67-бабы тәртібінде Алматы қалалық адвокаттар алқасынан кәсіби адвокат тағайындалды.

Айыпталушы М.К. Аблязовтың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүруін және келуден жалтаруын ескере келе, Бас прокуратура ҚПК 304-бабын басшылыққа ала отырып, М.К. Аблязовқа қатысты қылмыстық істің сотқа жіберілгендігін хабарлайды.

Сонымен қатар, айыптау актісінің көшірмесі тағайындалған адвокатқа тапсырылғандығы хабарланады. 

 

  Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу