You are here

«Айқын» жобасын іске асырудың қысқаша шолуы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014 жылы 1 қантардан  бастап Астана, Алматы қалаларының және облыстардың әкімдіктерінде Бас прокуратураның «Айқын» жобасы іске қосылды, оның мақсаты азаматтар өтініштерінің қаралу барысына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.

Оны іске асыру аясында 2014 ж. 1 қантарынан 4 сәуір аралығында Астана, Алматы қалаларының және облыстардың, қалалардың әкімдіктеріне, облыстық маслихаттар және мемлекеттік органдарға жеке және заңды тұлғалардың 129 788 жеке өтініштері келіп түсті, олар бойынша бірегей нөмірі бар талондар берілді. Олар арқылы Комитеттің http://service.pravstat.kz сайтында 24 793 өтініш беруші өз өтінішінің қаралу барысын тексерген.

Талондардың көпшілігін Астана, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері берген.

Өтініштердің көпшілігі: кедең, жұмысқа орналастыру, халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету; еңбекақы, өтемақы және жәрдемақыларды төлеу; жер телімдерін беру; денсаулық сақтау; сәулет және қала құрылысы мәселелері бойынша келіп түседі.

Мысалы, ҚР ҚМ Алматы облысы бойынша салық департаменті Д.Т. Рамазанованың  26.03.2014 жылғы өтінішін қарады және 27.03.2014 жылы толық қанағаттандырылды. Бірегей талонның нөмірі - 141900000150000017.

Сонымен қатар, ММ Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы З. Жұманованың 13.01.2014 жылғы өтінішін қарады және 14.01.2014 жылы жауап берді- 144700000143000002.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.