Ауғаныстаннан іздеудегі Қазақстан азаматының экстрадициясы жүзеге асырылды (Астана қ., 2017 жылғы 15 наурыз)

15 наурыз 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемімен «З» азамат Қазақстанға экстрадицияланды.

Ол террорлық топты құру, басқару, оның қызметін қаржыландыру және Атырау облысы аумағында террорлық қылмыстар жасағаны үшін айыпталуда. 2011 жылдан бастап іздеуде болды. 

Осыдан бұрын, Ауғаныстан Ислам Республикасының құзырлы органдары бұл азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысын қанағаттандырды.

Жыл басынан өзара келісім қағидаты негізінде Ауғаныстаннан Қазақстанға екі тұлға экстрадицияланғанын атап өтеміз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу