You are here

Атыс қаруының заңсыз айналымына тосқауыл қою мәселелері бойынша Үйлестіру Кеңесінің жиналысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылдың 28 мамыры)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру Кеңесінің кезекті отырысы болып өтіп, онда атыс қаруларының, оқ-дәрілердің және жарылғаш заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес және оларға тосқауыл қоюдың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Кеңестің жұмысына Үйлестіру Кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, Ішкі істер, қорғаныс, төтенше жағдайлар, индустрия және жаңа технологиялар министрліктерінің, Кедендік бақылау комитетінің жетекшілері қатысты.

Бас Прокурор атап өткендей, құқық қорғау органдары басшыларының заңсыз қару айналымы мәселесін талқылауының өзектілігі ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігімен, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстың өсуінің теріс үрдісінен туындап отыр.

Қабылданып отырған шараларға қарамастан, қару айналымы саласындағы жағдайдың түйінді күйде қалуы жалғасуда. Атыс қаруын қолданумен байланысты қылмыстар санының артуы ерекше алаңдатушылық туғызады. Соңғы бес жылда атыс қаруын қолданумен байланысты тіркелген 2 328 қылмыстың 93%-ы заңсыз айналымда жүрген қарумен жасалған.

Травматикалық қаруды қолданып жасалатын қылмыстардың саны 8 есеге – 2008 жылы 46-дан 2012 жылы 375-ке дейін өскен. Биылғы жылдың басынан бері 139 осындай қылмыс жасалған, бұл қару қолданумен байланысты барлық тіркелген қылмыстардың 60%-дан астамын құрап отыр.

Осының барлығы қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға, травматикалық қаруды бақылаусыз пайдалануды болдырмауға бағытталған қару иелеріне заңнамалық шектеулер жөніндегі бастама көтеру қажеттілігіне алып келді. Ішкі істер министрлігі дайындаған заң жобасы травматикалық қаруды азаматтық айналымнан алып тастап, оны қызметтік топқа ауыстыруды көздейді.

Талқылау қорытындысы бойынша Үйлестіру кеңесінің мүшелері қарудың заңсыз таралуына тосқауыл қою, қару айналымына бақылауды күшейту, оның тиісті есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралар ұсынды.

Осы мақсатта өңірлік ішкі істер органдарының әскери-тергеу бөлімшелерімен өзара іс-қимылын күшейту, заңсыз сақталған атыс қарулары мен оқ-дәрілерді алу, олардың сатып алу көздерін табу, заңсыз жеткізу каналдарын анықтау бойынша бірлескен жұмыстардың белсенділігін арттыру ұсынылды. Травматикалық қаруды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау және алып жүру үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеу ұсынылды.

Бас Прокурор терроризмге және экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа бейімдігі бар тұлғалардың қару сатып алуына және оны алып жүруіне, сондай-ақ осындай адамдарды жарылғыш заттар мен материалдар пайдаланумен байланысты жұмыстарға жіберуге заңнамалық тыйым салуды белгілеу қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Уәкілетті органдарға азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы шаруашылық субъектілерінің қызметіне бақылауды күшейту, жарылғыш заттарды сақтау мен есепке алудың талаптарын қайта қарау, оларға рұқсаты бар тұлғалардың автоматтандырылған мәліметтер базасын жасау мүмкіндігін зерделеу тапсырылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.