You are here

Атырау облысы прокуратурасының алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Атырау қ., 2013 жылдың 22-ші мамыры)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Облыс прокуратурасының  кезекті алқа мәжілісінде уәкілетті органдармен салынған айыппұлдардың орындалуы талқыланды. Алқа мәжілісіне құқық қорғау, уәкілетті органдар және  БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауында сот шешімдерін орындау саласын түбегейлі өзгерту туралы тапсырма берген болатын. Мұндай шараларды өткізу – атқару құжаттары бойынша бюджетке түсетін сомалар деңгейінің азаюынан және атқару өндірістерін орындау барысында туындаған бірқатар проблемалардың орын алуынан туындап отыр. Сот орындаушылар мен уәкілетті мемлекеттік органдар арасында өзара қарым-қатынас орнатылмаған.

Осыған байланысты, Атырау облыстық прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде облыстық сот актілерін орындау Департаментімен мемлекет пайдасына айыппұлдарды өндіру туралы атқарушылық құжаттарының орындалуына тиісті көңіл бөлінбейтіні, сондай-ақ әкімшілік жаза қолдануға уәкілетті органдардың тарапынан заңдылықтың өрескел бұзылуына жол берілгені анықталды. Аяқталған атқару құжаттарының заңдылығын тексеру барысында сот орындаушылардың қызметтік жалғандық жасап, айыппұлдардың төленгенін растайтын түбіртектерді өздері басып шығарып, атқару өндірістерін заңсыз аяқтағаны мәлім болды. Барлық анықталған заң бұзушылық фактілері бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданды. 

Сот орындаушылардың тарапынан мемлекет пайдасына айыппұл өндіру жөніндегі атқару құжаттары заңсыз кері қайтарылып, борышкерлерге артықшылықтар көрсетіліп, оларды атқару құжаттарын заңда көзделген мерзімде орындамауға байланысты мемлекет пайдасына өндірілуге жататын 10% атқарушылық санкциядан негізсіз босату фактісі орын алған.         

Борышкерлердің мүліктеріне тоқтам салмау, жұмыс орындарын біле тұра, жалақыдан ұстау үшін атқару парағын жолдамау, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартпау және қылмыстық іс көтеру жөнінде қылмыстық қудалау органдарына ұсыныс бермеу секілді заң бұзушылық фактілері анықталды. 

Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.