You are here

Атырау облысы прокуратурасының алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Атырау қаласы, 2016 жылдың 22 қаңтары)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Атырау облысының прокуроры Ғалымжан Тоғызбаевтың төрағалығымен облыс прокуратурасының алқа мәжілісі болып өтті, онда өткен жылдың жұмыс қорытындылары талқыланып, қызметтің алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттары айқындалды.

2015 жылы облыстық прокуратура органдарының қызметі негізінен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінің Конституцияға, Заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына сәйкестігі заңдылығының сақталуына, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнамалардың қолданылуына, кәсіпкерлікті қорғау және қолдауға, мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталды. 

Әлеуметтік – экономикалық салада прокурорлар 536 тексерулер жүргізіп, 10 599 заң бұзушылықтарды анықтады, 793 ұсыныс енгізді, 457 заңды түсіндіру жасады, 374 наразылық қанағаттандырылды. Тексеріс құжаттары бойынша 71 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен 1 211 тұлға тәртіптік, 888 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

8 014 036 912 сомасына залал өтелді, оның ішінде мемлекет пайдасына- 7 793 277 267 теңге. Мемлекетке 1 185 234 075  теңге сомасына тең мүлік кері қайтарылды.

17 544 тұлғаның конституциялық құқықтары мен бостандықтары қорғалды, оның ішінде 15 070 – жасы кәмелетке толмағандар.

Қабылданған шаралармен 778 жұмыскердің алдында 134,4 млн. Теңге мөлшерінде жалақы берешегі жойылды («Тобереаралойл» ЖШС, «Каспиан Бильд Групп» ЖШС, «Гюрал» ЖШС, «Соут-Вест Груп Корпорейшн» ЖШС, «Атырау Мұнай» ЖШС, «Строймонолит Сервис» ЖШС, «Датоба Констракшн» ЖШС).

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілді.

Прокуратураның 22 лауазымды тұлғаға қатысты 12 ұсынысын облыстық Тәртіптік кеңес қарады. 8 сотқа дейінгі тергеп – тексеру жүргізілуде, 2 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзғаны және салық міндеттемелерін орындамағаны үшін жер қойнауын пайдаланушылардан («НКОК» и «ТШО» компаниялары) салық органдары мен мемлекет бюджетіне қоршаған ортаға нормативтен тыс эмиссиялары үшін 1,8 млрд. Теңге өндірілді.

Облыс көлеміндегі жалпы қылмыстық құқық бұзушылық саны 33,1%-ға көбейді, оның ішінде онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 42 %, ауырлығы орташа 17,9%.  Аса ауыр қылмыс мөлшері 4,8% және ауыр қылмыс 16,8%-ға төмендеді.

Онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтықтың айтарлықтай өсуі (1112-ден 1579-ға дейін), ең алдымен, құқық қолдану тәжірибесіне теріс қылықтардың енгізілуіне байланысты болды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы санындағы олардың үлесі 76%-ды құрады.

Алаяқтықтың профилактикасы мен оған қарсы іс-әрекет бойынша жұмыстар жалғасуда. Қабылданған шаралардың нәтижесінде алаяқтық мөлшері 7%-ға төмендеді.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен 263 014 777 теңгеге тең 5 099 атқару құжаты орындалды, оның ішінде мемлекет бюджетіне 5 028 құжат бойынша 218 466 806 теңге өндірілді.

Алқа қорытындысы мен барлық жеке құрамға прокурорлық қадағалау қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауындағы талаптарды басшылыққа алу, азаматтық қоғаммен өзара іс-әрекетті жандандыру, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоршаған ортаны, кәсіпкерлікті, мемлекеттің мүддесін қорғау жұмысын жалғастыру тапсырылды. 

Атырау облысының прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.