Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры ұсталғандығы туралы

13 маусым 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қатардағы жемқорлықты болдырмау бойынша жүргізілген жұмыс аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметімен бірлесе отырып, а.ж. 11 маусымда Атырау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жасұлан Қаратауды ұстады.

 Оған қызмет бабын пайдалану жолымен ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп күдік келтірілді.

Соттың санциясымен Ж.Ж. Қаратауға қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. 

Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу