You are here

Атқарушылық өндіріс жүйесін жаңарту жөніндегі Бас прокуратура мен Әділет министрлігінің ведомствоаралық жиналысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура мен Әділет министрлігінің ведомствоаралық жиналысы болып өтіп, онда «Стратегия-2050» Жолдауында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында дайындалған Сот шешімдерін және мемлекеттік органдардың актілерін орындау жүйесін жаңарту тұжырымдамасының жобасы қаралды.

Жиналыс жұмысына Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов, Парламент депутаттары, Жоғарғы соттың, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бейнеконференциялық байланыс арқылы – аумақтық прокурорлар, әкімдердің орынбасарлары, мүдделі органдардың өңірлік бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Жиналыста мәжбүрлеп орындату жүйесін, атқарушылық өндірісті құқықтық реттеуді жетілдіру, мемлекеттік құрылымдардың атқарушылық өндіріс органдарымен өзара іс-қимылдарының тиімділігін арттыру   жолдары талқыланды.

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев атап өткендей, қазіргі таңдағы актілерді мәжбүрлеп орындау тәртібінде теріс пиғылды борышкерлерге әсер етудің әрекет етуші тетіктері қарастырылмаған. Осының салдарынан соңғы бес жылда атқарушылық құжаттар саны екі есеге ұлғайған, өндіріп алу сомасы бір жарым триллион теңгеден асып түскен, бірақ 5 пайыздан кемі өтеледі. Қалыптасқан жағдай атқарушылық өндіріс жүйесін түбегейлі реформалау қажеттілігін, жинақталған проблемаларды шешуде жаңа әдістерді пайдалануды талап етеді, - деп атап көрсетті ол.

Осыған орай, Бас прокуратураның Әділет министрлігімен бірлесіп дайындаған Шешімдерді мәжбүрлеп орындату жүйесін жаңарту тұжырымдамасының жобасы жиналысқа қатысушылардың белсенді талқылауына салынды.

Қасақана борышкерлерге мемлекеттік қызметтерді алумен, жекелеген құқықтардан айырумен байланысты бірқатар шектеу шараларын қарастыратын «Борышкерлердің бірыңғай тізілімі» атты ақпараттық жүйені енгізу дайындаушылар ұсынған басты жаңалық болуы тиіс. Мысалға, санкциялар алиментті, айлықты төлемейтіндерге, қылмыстан келген шығынды өтемейтіндерге таралатын болады. Мұндай әсер ету ең алдымен борышкердің өзіне қатысты мәжбүрлеу шараларын қолданусыз жедел және өз еркімен сот актісін орындауға мүдделі болуының алғышарттарын жасауды көздейді. Осы тұста А.Дауылбаев борышкердің құқығын шектеудің қалыптасқан қарыз көлеміне тепе-тең болуының өте маңызды екенін атап көрсетті. Санкциялар қарыз көлеміне қарай, сондай-ақ борышкердің өз міндеттемелеріне қаншалықты адал ниетпен қарайтынын ескере отырып қолданылуы керек.

«Борышкерлердің бірыңғай тізілімін» әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлер туралы барлық мемлекеттік органдардың  мәлеметтері жинақталған Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық жүйесімен бірегейлендіру ұсынылды.

Қойылған міндеттерді тиімді шешу заңнамалық өзгерістер енгізуді қажет етеді.  Қазіргі уақытта ведомствоаралық топ дайындап жатқан сот актілерін орындау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасында сот орындаушыларының өкілеттіктері шеңберін арттыру, тұтастай алғанда атқарушылық өндіріс рәсімдерін жетілдіру қарастырылады.

Көпшілік қолдаған өзге бір маңызды әсер ету тетігі ретінде ведомстволық бақылауды күшейту және  мемлекеттік құрылымдардың атқарушылық өндіріс органдарымен өзара іс-қимыл орнатуы болып табылады. Әділет министрлігінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының жиналысқа қатысушылар мақұлдаған сызбанұсқасы мәжбүрлеп орындауды қамтамасыз етуге жаппай көмек көрсетуге бағытталған келісілген жұмысты қарастырады.

Атқарушылық өндірістің тиімділігін арттыру, халықтың аз қамтылған бөлігінің қорғалуы, мемлекеттік бюджетті уақтылы толтыру қабылданып отырған қадамдардың басты нәтижесі болуы тиіс.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.gov.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.