You are here

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің жиналысы туралы (Астана қ., 2015 жылғы 23 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Ғани Қасымовтың төрағалығымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы болып өтті.

Жиында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңның жаңалықтары мен проблемалық қырлары, сондай-ақ «Тексерудің субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» жобасын енгізудің мәселелері талқыланды.

ҚСжАЕК төрайымы Сәуле Айтпаева атап өткендей, «Тексерудің субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» жүйесі барлық тексерілетін субъектілер, олардың тәуекелдік деңгейлері, бұрын жасалған барлық тексерістердің тарихы және олардың нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын болады.

Жаңа жүйенің өзгешелігі субъектілерді іріктеу және тексерісті тағайындаумен байланысты үдерістерді автоматтандыру болып табылады. Бұл прокуратура органдары мен тексеруші органдар үшін де, кәсіпкерлердің өздері үшін де осы үрдістердің мөлдірлігін қамтамасыз ететін болады.

Жүргізілген тексерістер және кәсіпкерлер жол беретін бұзушылықтар туралы ақпараттарды қамтитын «Тексерістер картасын» жасау маңызды нәтиже болып табылады. Бұл ретте тұтынушылар үшін осы карта қол жетімді болып табылады, бұл кәсіпкерлердің көрсететін қызметі мен жұмысының сапасын арттыруына түрткі болады.  

Сондай-ақ прокурорлар өткізген «Прокурор түсіндіреді» акциясының қорытындылары шығарылды, оның барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамаға кейінгі енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілген болатын.  

Кәсіпкерлер субъектілерінің жер қатынастары саласындағы, атап айтқанда, егжей-тегжейлі жоспарлау мәселелерімен және жер телімдеріне жер пайдалану құқығын алу және созуға арыздарды қарау мерзімдеріне   байланысты проблемалық сұрақтар қаралды.

Жиналыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуға және кәсіпкерлерді заңсыз тексерістерден қорғауға бағытталған бірқатар сәйкес ұсыныстар берілді. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.