You are here

Астанада Бас әскери прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісінің отырысы болып өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астанада аймақтармен бейнеконференция байланысы арқылы Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтің басшылығымен Бас әскери прокуратураның Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа әскерлері мен әскери құралымдарындағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңейтілген алқа мәжілісінің отырысы өтті.

Талқылауға Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаттары Абай Тасболатов және Жанат Жарасов,  «Нұр Отан» партиясының,  Бас әскери прокуратураның жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық Кеңестің өкілдері, құқыққорғау және арнаулы органдардың, әскери ведомстволардың, аймақтық басқармалардың басшылары, әскери бөлім командирлері, аймақтық және гарнизондық әскери прокурорлар қатысты.

Алқа мәжілісі отырысының жұмысын ашқан Бас әскери прокурор Қарулы Күштердегі заңдылықтың нығаюына бағытталған әскери басшылықтармен бірлескен жұмысының қорытындысы туралы хабардар етіп, соңғы бес жылда әкімшілік және тәртіптік тәжірибенің тұрақтануына, қылмыс деңгейінің төмендеуіне ықпал еткен профилактикалық жұмыстарының оңтайлы дамуын айтып өтті.

Өз сөзінде Ерғали Мерзадинов сыбайлас жемқорлықтың ауқымына, әсіресе мемлекеттік сатып алу саласына, ерекше назар аударды. Ағымдағы жылдың 9 айында құқыққорғау органдарымен пара алудың, оның ішінде аса ірі көлемде алғандарын қосқанда, 15 оқиғасы орын алғандығын атап өтті.

Бас әскери прокурордың пікірінше, мемлекеттік қорғаныс тапсырысына және әскерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік өкілетті органын құру қажеттілігінің уақыты келген. Ол, бірінші кезекте, әскери шаруашылық жүйесіндегі сыбайластыққа жол бермейді және әскерге жоғары сапалы өнімнің жеткізілуіне негізгі тапсырыс беруші ретінде - әскери бөлім командирлерінің мүдделілігін елеулі түрде жоғарылатады. Қазіргі кездегі қамтамасыз етудің моделі бойынша, Ерғали Мерзадиновтің айтуынша, кейбір командирлер әлі де болса «кәсіпкерлердің» ролін атқаруда.

Бас әскери прокурор сарбаздарды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету түрін бәсекелестік ортадан мемлекет қарамағына беруді ұсынды. Ол әскери қызметкерлердің ішқұрылысы ауруларының көбеюімен ғана емес, сонымен қатар тағамның даярлануының сапасының төмендеуімен және оның жүйелі түрде кемейтіліп салынатындығымен байланысты деді.

Алқа мәжілісі төрағасы атап айтқандай, Бас әскери прокуратураның бастамасымен, әскери қызметкерлерді тамақтандыру стандарттары Үкіметпен қайта қаралған. 2014 жылдан енгізілетін әскери қызметкерлердің тамақтануының тәуліктік нормасы, шетелдікінен сапасы және түрлілігімен асып түсетін болады.

Бұған қоса алқа мәжілісінде әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы заңдылығын жетілдіру мәселелері де қаралды.

Алқа мәжілісіне қатысушылар депутаттық топтың әскери қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік жеңілдіктерін кеңейтуді қарастыратын заңнамалық бастамалар пакетін қолдауларын сұрады.

Алқа мәжілісі қорытындысы бойынша Қарулы Күштердегі заңдылықтың және әскери тәртіптің нығаюына бағытталған нақты шаралар белгіленді.

Бас әскери прокуратура

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.