You are here

«Астана-Теплотранзит» АҚ-да тексеріс жүргізілгені туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының прокуратурасы бизнес объектілерін табиғи монополиялар субъектісінің желісіне қосу, сондай-ақ 2012-2014 жылдар аралығында жылумен қамту жүйелеріне қосылу үшін техникалық жағдайларды беру кезінде заңдылықты сақтау мәселесі бойынша «Астана-Теплотранзит» АҚ-да тексеріс жүргізді.

Тексеріс барысында техникалық жағдайды беруді іске асыратын Регламенттің заңнама талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.

Сонымен қатар, онда тікелей «Астанагорархитектура» ЖШС-нен телімнің топографиялық суретін ұсынуды талап ететін нормалар келтірілген.

Алайда қызметтің бұл түрі бәсекелес қызмет нарығында болғандықтан, «Астана-Теплотранзит» АҚ-ның талаптары заңсыз болып табылады және нарықтың басқа да қатысушыларының қызмет көрсетуге тең құқығын бұзады.

Осыған байланысты, қала прокуратурасы «Астана-Теплотранзит» АҚ-ға жылу желілерін жобалауға техникалық жағдайлар дайындау жөніндегі регламентке наразылық енгізді.

Оны қарау нәтижелері бойынша «Астана-Теплотранзит» АҚ заңнаманың талаптарына сай келетін Регламентті бекітті. Ал телімнің топографиялық суретін талап ететін норманың күші жойылды.

Осылайша, «Астана-Теплотранзит» АҚ-ға жылумен қамту жүйесіне қосылу туралы өтінішпен баратын кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

 

Астана қаласы прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.