Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті

06 маусым 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында негізгі қадағалаушы орган еліміздің прокуратура органдары арасында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Кубогына арналған волейболдан ведомстволық чемпионат ұйымдастырды.

Жарысқа аумақ бойынша біріктірілген республика прокуратурасының білім беру мекемелерінің, ұйымдарының және аумақтық прокуратураларының 5 құрама командасы қатысты.

Чемпионаттың жеңімпазы және Бас Прокурордың Кубогына Орталық өңірдің құрама командасы (БП, БӘП, Академия, ҚСжАЕАК, БКП және Астана қаласының прокуратурасы) ие болды, екінші орында Шығыс өңірінің (Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының прокуратуралары) командасы, ал үшінші жүлделі орынды Солтүстік өңірінің (Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарының прокуратуралары) командасы алды.

Арнайы құрылған комиссияның шешімімен чемпионаттың үздік ойыншылары анықталды. «Үздік шабуылдаушы» болып Ильдар Садықов (Орталық өңір командасы), «Үздік либеро» прокуратура органдарының ардагері Самат Хафиз (Солтүстік өңір командасы), «Үздік байланыстырғыш» Қайрат Ахмет (Орталық өңір командасы), «Үздік бұғаттаушы» Бақытжан Мұстафаев (Оңтүстік өңір командасы) және «Үздік ойыншы» Алексей Кильков (Шығыс өңір командасы) атанды.

Жүлделі орындарға ие болған командаларға кубоктар, грамоталар мен естелік медальдар табысталды. Номинациялар бойынша үздік шыққандар  грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара ұйымдастырушылары прокуратура органдарында спорт пен салауатты өмір салтын сақтауда, дәріптеуде жарыстың ерекше рөлін атап өтті.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі 

Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті - 803871893
Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті - 2045454989
Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті - 2099878044
Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті - 758188344
Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті - 303760397
Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті - 1300182191
Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті - 2045130975
Астана күніне арналған волейбол турнирі өтті - 1256648301

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу