You are here

Астана күні құрметіне орай (2016 жылғы 5 шілде)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана күні қарсаңында Бас прокуратурада салтанатты жиналыс болып өтті.

Әріптестерін құттықтаған Бас Прокурор мейрамның тарихи маңызына, еліміз бен жас елордамыздың дамуындағы Мемлекет басшысының рөліне тоқталды. Президенттің салиқалы саясатының нәтижесінде Астана өз қалыптасуында таң қаларлық жетістіктерге жетті, заманға сай және табысты мемлекеттің символына айналды, деп атап көрсетті Жақып Асанов.

Астана құрылысы біздің мемлекеттің үлкен әлеуеті мен мүмкіндіктері бар екенін көрсетті.

Осы жылдары қаланың серпінді дамуының, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тұрақтылықтың, азаматтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттырудың негізі қаланды. Қаламыз ең алдыңғы қатарлы идеялардың бастауына, ұлтаралық келісім мен қоғам нығаюның үлгісі болып отыр.

Тұңғыш Президенттің күш-жігерімен құрылған жаңа астана бүгінде ұлттық идея мәртебесіне ие болды. Бүгінде Астана еліміздің ұлттық брендіне айналды, ал оның даму жолы – республика дамуының моделі болып отыр.

Қазақстанның қазіргі астанасы – бұл біздің мемлекеттің бейбітшілік сүйгіш және жасампаз саясатын іске асырып отырған еліміздің саяси, іскерлік және мәдени орталығы болып табылады. Ол әлемдік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ғаламдық сұхбат орталығына айналды.

Ұлт көшбасшысының саяси және бітімгершілік бастамаларын барлық халықаралық қауымдастық мойындап отыр. Қазақстан астанасын EXPO халықаралық көрмесін өткізу орны ретінде таңдау еліміздің биік беделінің дәлелі болып отыр.

Бүгінгі Астана – болашаққа ұмтылған және жылдам дамып келе жатқан мегаполис. Бұл барлық қазақстандықтардың сүйікті қаласы, олар өз елордасымен мақтанады, арман-үміттерін осы қаламен байланыстырады, деді Ж.Асанов.

Жиналыста Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай прокуратура органдары қызметкерлерінің балалары арасында өткізілген сурет салу байқауының қорытындысы жасалды. Бас Прокурор ерекше көзге түскен балаларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Салтантты іс-шара балалардың концертімен аяқталды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.