Астана қаласында прокуратура күнінің құрметіне шағын футболдан ведомстволық чемпионат өтті

26 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласында ағымдағы жылғы 22-24 қарашада «Алау» спорт сарайында кәсіби мерекені мерекелеу құрметіне арналған прокуратура органдары командаларының арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарысқа аумақтық қағидат бойынша біріккен прокуратура білім беру мекемелері мен ұйымдарының және республиканың аумақтық прокуратураларының 6 құрама командалары қатысты.

Құрамына Бас прокуратураның, Академия мен Бас әскери прокуратураның қызметкерлері енген Орталық өңірдің құрама командасы чемпионат жеңімпазы атанып, Бас Прокурордың Кубогын иеленді.

Екінші орынды құрамында Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының прокурорлары бар Батыс өңірдің командасы иеленді.

Құрамында Астана қаласының, Комитет пен Бас көлік прокуратурасының прокурорлары бар команда үшінші орынға қол жеткізді.

Арнайы құрылған комиссия әр түрлі аталым бойынша үздік ойыншыларды анықтады. Александр Сергейчук (ҚСжАЕАК) үздік ойыншы атанса, Ернар Урекешов (Ақтөбе облысы) үздік қорғаушы, Дияр Жұмабаев (БКП) үздік шабуылшы, ал Қуаныш Зұлқашев (БӘП) үздік қақпашы деп танылды.

Жүлделі орындарды жеңіп алған командаларға кубоктар, грамоталар мен естелік медальдар тапсырылды. Аталым бойынша жеңімпаздар грамоталармен наградталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар спортты және прокуратура органдарында салауатты өмір салтын дамытуда жарыстардың ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Астана қаласында прокуратура күнінің құрметіне шағын футболдан ведомстволық чемпионат өтті - 780795267
Астана қаласында прокуратура күнінің құрметіне шағын футболдан ведомстволық чемпионат өтті - 1023080763
Астана қаласында прокуратура күнінің құрметіне шағын футболдан ведомстволық чемпионат өтті - 1867274885

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу