You are here

Астана қаласы прокуратурасының жаңа ғимаратының ашылуы туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 2014 жылғы 28 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астана қаласы прокуратурасының жаңа ғимаратының ашылуына арналған салтанатты рәсім болып өтіп, оған Бас Прокурор Асхат Дауылбаев, құқық қорғаушы  және мемлекеттік органдардың басшылары, прокуратура органдарының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Конституция күнінің қарсаңында елордамыздың прокурорлары қала сәулетіне үйлесімді жарсып орын тепкен қазіргі заманға сай және жұмысқа қолайлы барлық жағдайлар жасалған тамаша ғимаратқа ие болды.

Ұжымды көптен күткен қуанышты оқиғамен құттықтай келе, Бас Прокурор жаңа ғимараттың ашылуы, ең алдымен, Елбасының қадағалаушы органдардың қажеттіліктері мен сұраныстарына, прокуратура қызметкерлерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мен әлеуметтік кепілдермен қамтамасыз етілуіне жасап отырған тұрақты қамқорлығының белгісі болып табылатындығын атап көрсетті.

Жиналғандарды прокуратура органдарының ардагерлері, Астана қаласы әкімдігі мен ғимарат құрылысының бас мердігері «Шар-Құрылыс» ЖШС басшылары да құттықтады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.