You are here

Астана қ. «Алматы» ауданы АІІБ-де пилоттық жобаның нәтижесі талқыланды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астана қаласында Алматы АІІБ-де «Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасының алдын ала нәтижелерінің ашылуы өтті.

Іс-шараға Президенттiң көмекшiсi - Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшысы, Бас Прокурор, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың өкілдері, Парламент комитеттерінің төрағалары, Ішкі істер, әділет, денсаулық сақтау министрлері, Астана қаласының әкімі, Адам құқығы жөніндегі уәкілетті өкіл қатысты.

Отырыста Бас Прокурор, Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысын қылмыстық процестің күрделілігі, тергеп-тексерулердің және қылмыстық істерді қараудың ұзақтығы үшін сынға алғанын атап өтті. Қылмыстық процеске тартылған – жәбірленушілер, куәлар жауап алуға, тергеу органдарының дәліздерінде күтуге айлап уақыттарын кетіруге мәжбүр.

Мысалы, ұрлық. Заттай дәлелдеме бар, айғақ адамдар бар бейнебақылау жазбасы алынған, тіпті күдіктінің мойындауы да бар. Адамдар мұндай істердің айлап тергеп-тексерілуіне наразы, жауап алулар бірнеше рет жүргізіледі. Осы кезде күдіктілер нәтижесін күтіп қамауда жатады. Бюджет қаражатынан миллиондаған қаражат жұмсалады.

Сондықтан Бас прокуратура ІІМ-мен бірлесіп ағымдағы жылдың ақпан айында «Азаматтар мүддесіне қылмыстық процесті оңтайландыру» пилоттық жобасын іске қосқан. Пилот Астана қаласы

Алматы АІІБ және Ақмола облысы Целиноград ауданы ішкі істер органының базасында іске асырылуда. Мақсаты – қылмыстық процесті жеңілдету және қысқарту, жаңа технологияларды енгізу жолымен азаматтардың қорғалуын арттыру.

Осы жобаны іске асыру кем дегенде екі маңызды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Біріншіден, адамдар мүдделеріне бағдарланған қылмыстық процестің оңтайландырылған моделін қалыптастырамыз.

Екіншіден, қылмыстық процесті сандық форматқа ауыстыру, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің парадигмасын өзгертуі тиіс. Тергеп-тексеру сапасы мен мерзіміне аса көңіл бөліну керек. Бұл жұмыстың нәтижесі азаматтардың сенімі болады.

Пилоттық жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін полицияның аудандық басқармаларында құрамында 18 анықтаушы және 10 жедел қызметкер бар топ құрылды, олар құқық бұзушылықты тергеп-тексеруге және ашуға жауап береді

Үш апта ішінде жоба қажет емес бюрократтық рәсімдерді қысқартуға мүмкіндік берді.

Сотқа 67 іс жіберілді, олардың ішінде 70 % іс 1-3 тәулікте, қалғандары ең көп дегенде 1 аптада тергеп-тексерілді. Сот қарауының мерзімі 2 есеге қысқарды. Соттарда істер әдеттегі он бес, жиырманың орнына 6-10 тәулік ішінде қаралған. Тура осындай қылмыстық істер пилоттық жобаға дейін бірнеше айлар бойы қаралды және тергелді.

Азаматтардың қорғалуын арттыру үшін Алматы АІІБ-де жауап алуға арналған шыныланған кабинеттер құрастырылған.

Жоба шеңберінде кезекші прокурордың жұмысы түбегейлі өзгертілді. Ол АІІБ ғимаратында ұдайы отырады, сол жерде қылмыстық істі зерделейді және сотқа жібереді.

Азаматтарды қабылдау, олардың жеткізілуінің заңдылығын сол жерде жедел түрде тексеріледі.

Бұл полиция қызметкерінің әрекетіне прокуратураға жүгінулерді жартылай азайтуға мүмкіндік берді.

Пилоттық жоба нәтижелері қылмыстық процестің неғұрлым тиімді моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.