You are here

Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында  айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды - 1516765901

21 маусым 2017 жыл, Астана қ. Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында алғаш рет Қазпоштаның терминалдары өз жұмыстарын бастады. Аталмыш клиентке бағдарланған сервис Бас прокуратураның бастамасынмен Әділет министрлігі, ҰҚК, «Қазпошта» АҚ және Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесе жүзеге асып отыр.

Бұған дейін шетелге ұшуды жоспарлаған қазақстандықтар өтелмеген айыппұлдарына байланысты рейстерінен қалдырылатын, ал осы сервис арқасында азаматтарда жеке сот орындаушыларымен байланыс жасамай, сол жерде айыппұл бойынша қарызын тексеріп, болған жағдайда оны төлеп және автоматты түрде ел шекарасынан шығуға рұқсат алу мүмкіндігі туды.

Автоматты шекарадан шығуға шектеуді жою 2015 жылдың 1 маусымынан кейін қойылған шектеулерге ғана әрекет етеді.  Көрсетілген мерзімге дейін шектеуді жою бұрыңғы тәртіп бойынша жүргізіледі (сот орындаушысына айыппұлдардың өтелгендігін растайтын құжаттар беру).

Терминалдар Әділет министрлігінің дерекқорына біріктірілген. Борыштың өтелгендігі туралы ақпарат осы ведомствоның дерекқорына 15 минут ішінде беріледі және ел шекарасынан шығуға шектеу 30 минут көлемінде алынып тасталады. 

Сонымен қатар www.post.kz  сайтында және мобильдік қосымша арқылы тәулік бойы борышты тексеру мен карточка арқылы төлеуге қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында жасалған.

Дәл осы сервис жеке, заңды тұлғалар мен мемлекет пайдасына борыштарды (айыппұлдар, мемлекеттік баждар, өсімдер және т.б.) өндіруге мүмкіндік береді. Мерзімді төлемдер бойынша борыштарға (алименттер, зейнетақылар мен жәрдемақылар)  терминал арқылы төлеу жүргізілмейді.

Терминал арқылы төленетін айыппұл көлемінің максималды сомасы 2 млн. теңгеге дейін. Терминал арқылы өтемдерге комиссия борыш сомасының 1%, бірақ  әрбір төлем үшін 100 теңгеден кем емес. Егер борыш көлемі 2 млн. теңге немесе одан жоғары болса, азамат Қазпоштаның кез келген бөлімдерінде төлем жүргізе алады.

Азаматтар ЖСН пайдалана отырып, борыштары мен уақытша ҚР шекарасынан шығуға шектеулер жөнінде ақпаратты Қазпошта терминалдары, сондай-ақ www.adilet.gov.kz сайтында және post.kz порталы арқылы тексере алады. Сервистің жұмысы туралы сұрақтар бойынша 8 (7172) 74-04-92,  68-13-99 арқылы консультация алуға болды.

Жақын арада осындай терминалдар Ақтау мен Шымкент қалаларында іске қосылатынын атап өткен жөн.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында  айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды - 477795956
Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында  айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды - 857283492
Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында  айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды - 86538074
Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында  айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды - 638655790
Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында  айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды - 713776447
Астана, Алматы және Қарағанды қалалары әуежайларында  айыппұл төлеуге арналған Қазпоштаның терминалдары іске қосылды - 1985368877

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.