You are here

Арнайы білім беру ұйымдары мен кәмелет жасқа толмағандарды ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымдарының қызметін тексерудің қорытындылары туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура арнайы білім беру ұйымдары мен кәмелет жасқа толмағандарды ерекше режиммен ұстайтын білім беру ұйымдарының қызметін, сондай-ақ көрсетілген мекемелердің тәрбиеленушілерінің арасындағы құқық бұзушылық профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың әрі қарай әлеуметтік бейімделуі бойынша жергілікті атқарушы органдар мен  ішкі істер органдары жұмысының жағдайына тексеру жүргізді.

Республика бойынша аталған мекемелердің желісі 9 арнайы мекемеден тұрады (оның ішінде 8 – арнайы білім беру ұйымдары және 1 – ерекше режиммен ұстайтын  арнайы білім беру ұйымы).

Тексеріс нәтижелері аталған білім беру ұйымдарының ешқайсысы  оларға жүктелген міндеттерді толық көлемде қамтамасыз ете алмайтындығын көрсетіп отыр. Балалардың білім алуы, денсаулығы мен бостандығын қорғаудағы конституциялық құқықтарын шектейтін көптеген заң бұзушылықтар анықталды.

Мәлім болғандай, арнайы мекемелердің негізгі міндеттері тәрбиеленушілерді әлеуметтік бейімдеу және оңалту, олардың арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алу, кәмелет жасқа толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Осы тексерістердің қорытындылары тәрбиеленушілер қауіпсіздігінің толық көлемде қамтамасыз етілмейтіндігін, мекеме аумағына бөтен адамдардың  кіруіне тыйым салу талабының орындалмайтындығын көрсетіп отыр. Тәрбиленушілердің көп жағдайда өздігінен мекеме аумағынан кетіп қалу жағдайлары орын алып отыр. 2012 жылы  осындай 63 факті, 2013 жылы 70 факті тіркелді.

Жекелеген мекеме басшылары тәрбиеленушілердің мінез-құлықтарына бақылау жасауды қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының девианттық мінез-құлқы бар балаларға арналған мектеп-интернатының директоры арнайы мекемеде тұрақтылықты сақтау үшін олардың құқыққа қайшы келетін әрекеттерін құптамай, формальді емес көшбасшылардың әрекеттерін жан-жақты қолдап отырды. Тәрбиеленушілер сабаққа бармаған, мектеп аумағынан өздіктерінен шығып кетіп жүрген, мекеме ғимаратында төбелескіш тұқымды итті ұстаған. Олар басқа балаларға кері әсерін тигізген.

Тексеріс қорытындысы бойынша мекеме қызметі анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін уақытша тоқтатылған (қазіргі таңда мекеме қызметі жандандырылды). Директор атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Одан әрі оқыту және жұмысқа орналастыру  мәселелерінде түлектердің әлеуметтік бейімделуі үшін мемлекеттік органдардың кешенді және мақсатқа бағытталған жұмыс жасамауы салдарынан балалар жұмыспен қамту, білім беру және басқа да уәкілетті құрылымдардың назарынан тыс қалып жатады. Әдетте білім беру ұйымдарының басшылары мен жұмыс берушілер арнайы мекемелердің бұрынғы тәрбиеленушілерін мектепке жұмысқа алғылары келмейді. Жұмыспен немесе оқумен қамтылмаған балалар қылмыстық ортаға тартылып, қайтадан қылмыс жасайды.

Тәрбиеленушілердің көпшілігі кезбелікке салынуға бейім және оқуға ынтасы жоқ отбасылық жағдайы төмен немесе жетім қалған балалар болып келеді. Баланың толық дәрежеде тәрбиеленуі мен оқытылуына дұрыс жағдай жасауға мүмкіндігі жоқ, балаларға жиі моральдік қысымшылық пен күш көрсететін ата-ананың отбасында баланы қайта тәрбиелеу мүмкін емес. Сондықтан, арнайы мекеме осындай балалар үшін білім беру туралы  аттестатты немесе мамандық алуға мүмкіндік тудыратын бірден-бір білім беру мекемесі болып табылады.

Бүгінгі күні мекемелердің алдында өз қызметін қамтамасыз етуді түбегейлі қайта қарау, тәрбиеленушілердің әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын толық қамтамасыз ету, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру міндеті жіті назарда тұр.

Тексеріс қорытындылары бойынша Бас прокуратура Білім және ғылыми министрлігіне заң бұзушылықтарды, оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс  енгізді.

Анықталған заң бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі хабардар етілді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.