АҢДАТПА

09 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 ж. 11 сәуір күні сағат 11:00-де Бас прокуратурада жолаушылар тасымалдау саласындағы прокуратура органдарының тексеру нәтижелеріне қатысты баспасөз конференциясы өткізіледі. 

Іс-шарада прокуратура органдары жүргізген рейдтер барысында анықталған заңбұзышылықтар туралы айтылады.    

Ол – тасымалдау саласындағы уәкілетті органдардың жүйелі бақылауының жоқтығы, автокөліктердің заңсыз қайта құрастырылуы, көлікті мас күйінде жүргізуі, тасымалдаушылардың лицензиясыз қызмет етуі және т.б.

  Осы және басқа да фактілер туралы, олардың алдын алу шаралары жөнінде ведомствоның ресми өкілі Оксана Лоскутова, Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің басшысы Азамат Дүйсембеков, сонымен қатар бөлімнің аға прокуроры Асқар Ғалиасқаров мәлімдейді.

Өткізілетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 14 үй, Бас прокуратураның ғимараты (2 КПП), Баспасөз орталығы.

Аккредитация а.ж. 10 сәуірі сағат 18:00-ге дейін  press@prokuror.kz электрондық мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Байланыс телефоны: 71-28-19

БАҚ өкілдерінен ғимаратқа кіру тәртібін ескеріп, шараға ертерек келуді    сұраймыз.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

 

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу