Алматы облысындағы MD-600N тікұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша БАҚ үшін ақпарат

29 қаңтар 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2016 жылдың 27 қаңтары күні сағат 16:55 шамасында Алматы облысында MD-600N тікұшағы апатқа ұшырап, оның салдарынан 5 адам қаза тапқан (1 ұшқыш және 4 жолаушы, оның ішінде 1 кәмелетке толмаған бала).

Тікұшақтың ұшуы 2015 жылғы 30 желтоқсанда әуе-көлік қызметтерін көрсету туралы жасалған шарттың шеңберінде «Республикалық санитариялық авиация орталығы» РМК-ның өтінімі бойынша «Аспан» әуекомпания» АҚ-ның пайдалануындағы әуе кемесімен жүзеге асырылған.

Аталған факт Үштөбе станциядағы Желілік полиция бөлімінің Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ағымдағы жылдың 27 қаңтарда Қылмыстық кодекстің 344-бабы бойынша тіркелді (темiржол, әуе, теңiз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорының өндірісіне қабылданды.

Сонымен қатар «Республикалық санитариялық авиация орталығы» ШЖҚ РМК-нің бюджеттік қаражатты пайдалануы және әуе-көлік қызметтерін көрсету заңдылығын сақтауына тексерістер тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу