You are here

Алматы қалалық сотының судьясына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 6 қыркүйек 2013 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2013 жылдың 3 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Алматы қалалық сотының судьясы К.Д.Өтемісоваға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 350-бабы бойынша ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған көрінеу әділетсіз сот актісін шығарғаны үшін қылмыстық іс қозғады.

2013 жылдың 28 наурызында Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен А.Сутягинский жалдау арқылы адам өлтіруге оқталуға дайындалғаны және оны ұйымдастырғаны үшін, атыс қаруын және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін жеке мүліктерін тәркілей отырып қатаң режимдегі түзету колониясында жазасын өтеуге 12 жылға сотталған болатын.

Алматы қаласы сотының апелляциялық сот алқасының судьясы К.Өтемісованың 2013 жылғы 12 тамыздағы қаулысымен А.А.Сутягинскийдің әрекеті адам өлтіруге оқталуға дайындалу және оны ұйымдастыру болып қайта сараланып, оған шартты түрде 6 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Атыс қаруын және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау бойынша А.А.Сутягинскийдің кінәсі дәлелденбегендіктен, ол ақталды.

Алматы қаласының Кассациялық сот алқасы аппеляциялық сатының қаулысының күшін жойып, қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың 2013 жылғы 28 наурызда шығарған үкімін өзгеріссіз қалдырды, сондай-ақ судья К.Өтемісоваға қатысты жеке қаулы шығарды.

Атап айтқанда, кассациялық алқа судья Өтемісованың жинақталған дәлелдерге дұрыс баға бермеуінен және қылмыстық заңның нормаларын дұрыс пайдаланбауынан сот төрелігін жүзеге асыру барысында заңдылықтың өрескел, қасақана бұзылуының орын алғанын көрсетті.

Аса ауыр қылмыс жасаған тұлғаға ешқандай негізсіз шартты жаза қолданудың салдары істеген әрекеті үшін қарастырылған қылмыстық жауапкершіліктен Сутягинскийдің құтылып кетуіне әкеліп соқтырды, қазіргі уақытта оның қайда екендігі беймәлім және оған іздеу жарияланды.

К.Өтемісова а.ж. 6 қыркүйегінде ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Қылмыстық істі тергеу Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Арнайы прокурорлар департаментіне тапсырылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.