You are here

Алғыс айту күніне орай

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алғыс айту күніне орай - 99992908

2018 жылғы 1 наурыз, Астана қ. Бүгін, Алғыс айту күнінде Құқық қорғау қызметтері орталығында Бас прокуратураның қызметкерлері Қазақстан халқы Ассамблеясы (бұдан әрі – Ассамблея) өкілдерімен кездесті.

Қызметкерлерге Ассамблеяның Ғылыми-сараптама кеңесінің төрағасы, әлеуметтік ғылымдар докторы Айгүл Садуақасова осы күнді мерекелеудің тарихи негіздері туралы ақпарат берді.

Оның айтуынша, қазіргі Қазақстанды мекендеген этникалық топтардың жалпы тарихи тағдыры барлық этностар үшін жоғары құндылық пен биік мұраттарды қалыптастырды, халқымыздың менталитетінде, өмірлік ұстанымдары мен ұмтылыстарында шынайы көрініс тапты.

Сондықтан да 2015 жылғы сәуірде өткен Ассамблеяның               22-сессиясында Елбасы Қазақстанда Алғыс айту күнін атап өтуді ұсынған болатын. Ал Ассамблеяның құрылған 1 наурыз күні – мерекелік күн ретінде белгіленді.

Кездесу аясында жиналғандарға Қазақстанға жер аударылған халықтар туралы деректі фильм көрсетілді.

Осы күні Бас прокуратурада мемлекеттік мерекеге арналған басқа да іс-шаралар өткізілді. Республикадағы барлық Құқық қорғау қызметтері орталығында бір уақытта Медиация бойынша ашық есік күндері өтті.

Аталған науқанға шешілмеген даулары мен жанжалдары бар азаматтар келді.

Сондай-ақ, прокуратура органдары қызметкерлеріне ведомстволық мұражай жұмысы ұйымдастырылып, онда олар прокуратура органдары дамуының тарихи кезеңдерімен, соның ішінде Қазақстанға адамдардың жаппай жер аударылған кезеңімен танысты. 

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.