Алда болатын 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға байланысты кездесу өтті

23 желтоқсан 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының әкімдігінде  алдағы 28-ші Дүниежүзілік  қысқы универсиадаға, сондай-ақ  жүргізіліп жатқан  «Комитет – әр үйге» атты жобалық жұмысқа байланысты Бас прокуратураның Комитеті Төрағасының орынбасары С.Нұрлыбай әкімдік басшылығымен және Дүниежүзілік қысқы универсиада дирекциясы және жергілікті полиция қызметі басшылығымен кездесу өткізді.

Мәжіліске Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаев, Дүниежүзілік қысқы универсиада Дирекциясының директоры Н.Нұров және құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары қатысты.

Мәжіліске қатысушыларға Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы көрсетіліп, оның мүмкіндіктері мен мемлекттік органдарға, азаматтар мен шетелдік қонақтарға пайдалылығы айтылды. Сондай-ақ қоғамдық жерлерде, әсіресе Универсиада нысандары орналасқан Медеу, Алатау аудандарында қылмыстылық пен ұрлықты азайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігіне назар аударылды.

Кездесуде Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Қырықбаев Дүниежүзілік қысқы универсиада қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінің актуальділігін атап айта келіп, ол үшін барлық шаралар кешенінің қабылданып жатқанын тілге тиек етті.

Дүниежүзілік қысқы универсиадаға әзірлік барысы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы Дүниежүзілік қысқы универсиада дирекциясының директоры Н.Нұров баяндама жасады.

Өз кезегінде Алматы қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ж.Әлмашев аталмыш картаның күнделікті қолданылуы туралы айта келіп, оның пайдалылығы жөнінде пікірін білдірді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша әкімдік басшылығы мен Жергілікті полиция қызметіне, сондай-ақ Универсиада дирекциясына Сәбит Нұрлыбай бірқатар ұсыныстар берді, атап айтқанда Алматы аумағында көлемді спорттық шаралар қарсаңында қоғамдық орындарда құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шараларын қабылдауға назар аудару жөнінде. Сонымен қатар, Комитетің ақпараттық сервисіндегі басқа да мүмкіншіліктерді қолдануға ұсыныс берілді.

Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу