Алаяқтықта күдікті қазақстандық БАӘ-нен экстрадицияланды

10 қаңтар 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Алаяқтықта күдікті қазақстандық БАӘ-нен экстрадицияланды  - 506032445

10 қаңтар 2018 жыл, Астана қ. Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің (бұдан әрі - БАӘ) Әділет министрлігімен аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін күдікті қазақстандықты ұстап беру туралы шешім қабылданды. 

Р.Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан Бас консулдығының әрекеттесуімен елге жеткізілді. 

Ол өткен жылғы жазда 7 автокөлік иелерін алдап, көліктерін заңсыз иеленгені үшін күдікті болып табылады. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген.  

Келтірілген шығынның жалпы соммасы 30 млн. теңгені құрды.

Қылмыс жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

Қазіргі уақытта Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.

 

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
8 (7172) 71 27 66
8 (7172) 71 28 19

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу