You are here

Алаяқтыққа тосқауыл қою саласындағы жұмыс туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура алаяқтықпен байланысты қылмыстардың жай-күйіне талдау жасады.

А.ж. 9 айында республика бойынша алаяқтық фактілері бойынша қылмыстардың  өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өскені (28372-ден 31595-ке дейін) тіркелді.

Барлығы 5561 адам қылмыс жасады, солардың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 2279 (3044) адам тартылды, 3280 адам ақталмайтын негіздемелер бойынша қылмыстық істі тоқтатумен байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

68,4% жағдайларда қол сұғу объектілері ақша болды, басқа жағдайларда қылмыстық әрекеттер ұялы байланыс құралдарына (6,1%), құнды заттарға және т.б. (көлік құралдарына, жылжымайтын мүлікке, зергерлік бұйымдарға және асыл металдарға) бағытталды.

Қылмыс құрбандары, әдетте, халықтың еңбекке жарамды бөлігінің өкілдері, қарт адамдар, көп жағдайда әйелдер болады. Зардап шегушілердің көпшілігін заң жағынан сауатсыз, сенгіш, тез ақша табуға ынталы және басқа да адами факторлармен сипаттауға болады, осыны алаяқтар қолданып кетеді.

Сонымен қатар талдау көрсеткендей, жасалатын қылмыстар көп жағдайда бір типті және оларды жасау тәсілдері жылдан жылға қайталанады.

Алаяқтық жасаудың барлық тәсілдері мен амалдарын келесі түрлерге бөлуге болады: қарызға алу арқылы ақша қаражатын иемдену – 30%, орындау мақсатынсыз шарттық міндеттемелерді жасасу – 13%, несие ресімдеу – 7%, жылжымайтын мүлікті сату – 6%, телефон арқылы алдау – 5%; жұмысқа орналастыру сылтауымен алдау – 4%, жер учаскелерін сату – 2%; "жалған" пәтерді жалға беру – 1%.

Мысалы, а.ж. тамызда Астана полициясы қызметкерлері қазақстандықтарға ойдан шығарылған Англия корольдік банкінен кепілсіз несие алуды ұсынған алаяқты ұстады.

Осылайша, ол өңірлерде филиалдарын аша отырып Астанада "Респект" ЖШС-ін құрып, 2012 жылдың қарашасынан бастап 2013 жылғы желтоқсанға дейін оның компаниясы "Bаnk of Kingdom" британдық банкімен келісім бойынша төмен пайыздық мөлшерлемеде 1 000 евроға дейін кепілсіз несие беретіні туралы презентациялар жасаған.

Алаяқ өз өкілдері арқылы әр азаматтан 75 000 теңге сомасында алғашқы ақша жарналарын алып, несие беру бойынша шарттар жасасады да жасырынып қалады.

Алдын ала деректер бойынша алданғандар саны 300 адамнан асып кетті. Қазіргі уақытта ІІМ Тергеу департаменті осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеуді өткізіп жатыр.

Сондай-ақ ІІМ Тергеу департаментінде 2011-2013 жж. кезеңінде екінші деңгейлі банктерде несиелерді ресімдеу арқылы алдап қымбат тұратын автокөліктерді ұрлаған 3 алаяқтар тобына қатысты бірқатар қылмыстық істер қозғалды.

Осы қылмыстарды жасау сызбасы мынадай: сенгіш азаматтар атына автонесиелерді ресімдеп, содан соң алаяқтар сол автокөліктерді ұрлаған және алыпсатарлар арқылы жақын шетелдерге сатқан. Көрсетілген әрекеттер нәтижесінде жалпы сомасы 1 млрд. теңгеден астам 66 автомашина ұрланды.

Осындай ұрлау фактілері бойынша Алматы қ. ІІД-де алдау арқылы 67 автомашинаны ұрлау бойынша басқа қылмыстық іс қозғалған, мұнда зардап шегушілерге жалпы 357 млн. теңге сомасында зиян келтірілген.

Осыған байланысты, алаяқтық әрекеттердің құрбаны болмас үшін мұқият және сақ болыңыздар:

- тым төмендетілген бағамен және оны кейін беру шартымен жылжымайтын мүлікті және жер учаскелерін сату-сатып алуға байланысты "күмәнді" операцияларға қатыспаңыз;

- белгісіз біреулер полиция қызметкері деп өзін таныстырып, туысқаныңыздың ұсталғаны және оны босату туралы мәселені дұрыс шешу үшін қоңырау шалып отырған адамның телефон нөміріне белгілі бір соманы аудару қажет дегеніне сенбеңіз;

- белгісіз біреулер далада ұялы телефон арқылы қоңырау шалуды сұраған кездегі алаяқтық әрекеттерден сақ болыңыз - олар сіздің мүлкіңізбен жасырынуы  мүмкін;

- қарыз алушының орнына несиелік міндеттемелерді ішінара немесе толығымен өтеу шартымен банктен несиені ресімдеу арқылы «жеңіл ақша» алуға алданбаңыз;

- өз қызметін тек салымшылар қаржысы, соның ішінде ыдыс-яқ, парфюмерия, тұрмыстық техника және т.б. сату есебінен іске асыратын түрлі қаржы "пирамидаларына" қатыспаңыз.

Есте сақтаңыз, алаяқтың келесідей жақсы коммуникативтік қасиеттері болады: олар байланысқа түсе біледі, сенімділік немесе аяушылық тудыра алады, бауырына тартады. Олардың көбісі қажет болған жағдайда жәбірленушінің қабылдауына ең қолайлы әрекет тәсілін таңдау үшін белгілі бір қарым-қатынас әдебін шынықтырады.

Құрметті азаматтар, мұқият болыңыздар, сақтық танытыңыздар, өздеріңізді алдап кетуге жол бермеңіздер, барлық алаяқтық жағдайлар туралы  дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыздар.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.