You are here

Алаяқтық үшін – қылмыстық жауапкершілік

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола облысы Целиноград ауданының аумағында соңғы уақытта алаяқтық жасау оқиғалары жиілеп кетті. Бұл ретте қылмыскерлер жәбірленушілерді алдаудың әр түрлі әдістерін пайдаланып ақшалай қаражаттарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, сондай-ақ түрлі материалдық құндылықтарын иемденіп алады.

Телефон алаяқтары кеңінен таралған, қылмыскерлер жәбірленушілерге өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері етіп таныстырып, олардың туыстарының заңсыз есірткі айналымымен байланысты қылмыстарды жасау күдігі бойынша полицияға жеткізілгенін айтып, мәселені оң шешу үшін алаяқтар көрсетілген соманы белгілі бір ұялы телефон нөміріне аудару немесе үшінші тұлғаға беру арқылы ақшалай сыйақы талап етеді. Көрсетілген қылмыстар кейде соңына дейін жеткізіледі, ал кейбір жағдайда жәбірленушілердің қырағылығының арқасында аяқталмай қалады.

Целиноград ауданының аумағы, атап айтқанда Қоянды, Талапкер, Қосшы, Қараөткел ауылдары Астана қаласымен шекаралас болуына байланысты, алыпсатарлық аясында жер учаскелерін сату сылтауымен азаматтардың ақшалай қаражаттары ұрланады.

Мысалға, Е.О. Тайпаков 2012 жылдың сәуірінен маусымына дейінгі уақыт кезеңінде Қосшы ауылында жеті азаматтан олардың жер учаскелерін алу мәселесін оң шешуі үшін әрқайсысынан 900 000 теңгеден, жалпы алғанда он миллион теңгеге (10 000 000) тарта қаражат алған.

Ақшаны алысымен Тайпаков жасырынған, ал соңғылары жер учаскелерін алмаған.

Алданған адамдар құқық қорғау органдарына жүгініп және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаннан кейін ғана, алаяқ алданған адамдарға ақшалай қаражатарды қайтару бойынша шаралар қабылдаған.

Сот үкімімен Тайпаков 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды.

Ақмола облысы прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.