You are here

Ақтөбеде өткен форумда мұнай мен газдың көлеңкелі айналымымен күрес бойынша шаралар қабылданды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Ақтөбеде өткен форумда мұнай мен газдың көлеңкелі айналымымен күрес бойынша шаралар қабылданды - 1419842563

20 қазан 2017 жыл, Ақтөбе қаласы. Бас прокуратура мен Ақтөбе облысы әкімдігімен Форум өткізілді, онда  мұнай мен газдың көлеңкелі айналымымен күрес мәселелері талқыланды.

Форумға Президент Әкімшілігінің, салалық министрліктердің, құқыққорғау мен жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қоғамдастықтың өкілдері, оның ішінде шикізатты өндіруші облыстар (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары), сондай-ақ Ресей Федерациясы Орынбор облысынан келген ресми делегация қатысты.

Форум жұмысын ашу барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірде мұнай-газ секторының дамуына баса назар аударылып отырғандығын атап өтті.

 «Бүгінгі таңда облыста 29 көмірсутегі шикізатын жер қойнауынан пайдаланушылар табысты жұмыс жасауда. Ағымдағы жылы 5,9 млн. тонна мұнай және 6,5 млрд. текше метр газ өндіру жоспарланып отыр. Жақын 5 жылдықта мұнай-газ саласын жетілдіруге кәсіпорындармен 60 млрд. теңгеден кем емес қаражат салынатын болады деп күтілуде. А.ж. өзінде 19 геологиялық барлау жұмыстары жүргізілетін болады», -деді Б. Сапарбаев.

Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымы Ақтөбе облысы үшін ғана өзекті проблема емес, сонымен қатар еліміз үшін де, өйткені ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың мәселесі болып табылады, - деп санайды өңір басшысы.

«Мұнай мен газдың көлеңкелі айналымының салдары жалпыға мәлім, бұл дегеніміз – бюджет кірістерін елеулі түрде жоғалту, ҚР-дан ақшалай қаражаттың шығуы, сондай-ақ халықтың әл-ауқатының нашарлауы, инвестициялық климаттың күрт төмендеуі,  аталғандардың барлығы мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуына тікелей қатер төндіреді. Сондай-ақ көлеңкелі айналым жекелеген ұйымдасқан қылмыстық топтардың, оның ішінде радикалды діни ағымдарды  қаржыландырудың көзі болып табылады», - деді Б. Сапарбаев. Ол мұнай мен газдың көлеңкелі айналымының дәрежесін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстарды атап өтті.

Бас Прокурордың орынбасары Андрей Лукин мәселенің көлемі ауқымды екеніне және еліміздегі мұнай мен газдың айналымында нақтылық жоқ екендігін атап өтті.

 «2015 жылдан бері өндірілген (189 млн. тн.), қайта өңделген мұнай мен экспортталған мұнайдың (191 млн. тн.) арасында айырмашылық 2 млн. тоннаны құрайды. Бұл шамамен 600 млн. АҚШ доллары. Осы жерде сұрақ туындайды, артық өнім қайдан шықты? Энергетика министрлігі бұған мән беруі керек деп ойлаймын», - деді А. Лукин өз сөзінде.

Жымқырудың себебін қадағалаушы орган мұнайды өндірудің автоматтандырылған есептің, заманауи есептен шығару көрсеткішінің, ұңғымалардың тиісті түрде күзетілмеуінің, мұнайды тасымалдауда бақылаудың болмауынан, сонымен қатар оның құрамын бұрмалау мен мұнайды өзге мұнай өнімдері түрінде тасудан көреді.

Бас Прокурордың орынбасарының пікірінше, ең бастысы, Энергетика министрлігінің есепке алу ақпараттық жүйесін жетілдіруді қажет етеді, сонымен қатар оны басқа құрылымдардың мәліметтер базасымен интеграциялауды ұсынды.

Спикер Бас прокуратураның Комитеті (ҚСжАЕА) Форумға дайындық шеңберінде жүргізген сараптама қорытындыларымен бөлісті.

Энергетика министрлігінің өндірген және қайта өңделген өнімнің көлемі жөніндегі есебі пен шекара органдардарының экспорт бойынша мәліметтері салыстырылғанын атап өтті.

Нәтижесінде өздері өндірген мұнайдан тиеген мұнайлары әлдақайда көп 40 компания анықталды.

Форум барысында «әлеуметтік» газ мәселесіне айрықша көңіл бөлінді.

Елімізде аталған шикізаттың тапшылығы мен бағасының өсуіне себеп тұтынудың есебі анық болмауы, газды көтерме саудагерлер мен жанар-жағар май құю стансаларының арасында бөлудің нақты тетіктерінің жоқтығы тікелей әсер етеді деп атап өтілді. 

Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін газды іске асыру жүйесін жетілдіру ұсынылды, яғни әкімдікке сұйытылған газды ішкі нарықта бөлу бойынша өкілеттілікті беру арқылы .

Көмірсутегінің заңсыз айналымының себебі мен шарттарын жою бойынша қабылданған шаралар жайлы Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев пен Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев баяндады.  

Мұнай және газдың заңсыз айналымымен қарсы іс-қимыл саласында атқарылып жатырған жұмыстар жайлы Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара  қызметінің өкілдері баяндады.

Талқылаудың қорытындысы бойынша Форум қатысушыларының ұсыныстары негізінде мұнай мен газдың көлеңкелі айналымына қарсы 7 кешенді шарадан (қадамдардан) құралған қорытынды құжат қабылданды. Олар: мұнай мен газды есептеу жүйесін жетілдіру, технологиялық жоғалтуды анықтау процестерінің тәртібін белгілеу; кен орындарын күзетуде заманауи технологияларды енгізу; мұнай мен газ тасығыштарды пайдалануды бақылау; жауаптылық және т.б. бойынша құқықтық шараларды жетілдіру.  

Шара соңында Бас Прокурордың орынбасары аталған шаралардың оң нәтиже береріне сенімділік білдірді және қатысушыларды ортақ мақсатқа жету үшін еңбек етуге шақырды.

 

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
+7 7172 71 27 66
+7 7172 71 28 19

Ақтөбеде өткен форумда мұнай мен газдың көлеңкелі айналымымен күрес бойынша шаралар қабылданды - 1211443029

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.