Ақтөбе облыстық ІІД Жол полиция басқармасының жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету қызметіне жүргізілген тексеріс қорытындылары туралы

26 тамыз 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе қаласының прокуратурасы жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтаудың қамтамасыз етілуіне тексеріс жүргізді.

Тексеріс барысында наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғаларға жүргізуші куәліктерінің берілгендігі анықталған.

Осыған орай, тиісті шаралар қабылдау үшін облыстық ІІД және денсаулық сақтау басқармасы басшылығының атына анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды, сонымен бірге жол полициясы органдары заңға қайшы берілген жүргізуші куәліктерін жарамсыз деп тану туралы шаралар қабылдауда.

Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу