You are here

АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Уақытша сенімді өкілі, Елші Джон Ордвей Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары А.Кравченкомен бірлескен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзі 20 желтоқсан 2013 жыл

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мен Алтынбек Сәрсенбаевтың, Бауыржан Байбосынның және Василий Журавлевтың аса қатыгездікпен өлтірілуінен 2006 жылғы 11 ақпанда басталып, ұзаққа созылған және жан-жақты тергеудің аяқталғанын атап өту үшін бүгін осында келіп отырмын.

Сондай-ақ, мен Қазақстан мен АҚШ-тың құқық қорғау органдарының ерекше ынтымақтастығын атап өткім келеді.

Жаңа тергеу бойы АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросы іспен байланысты барлық құжаттарға қол жеткізудің керемет мүмкіндігіне ие болды.

Бұл істің дәлелдемелері мен құжаттарына тәуелсіз зерттеу жүргізуге бөгетсіз қол жеткізумен қатар, американдық тараптың қазақстандық құқық қорғау органдарынан бөлек барлық куәгерлерді полиграф арқылы тексеру мүмкіндігін де қамтиды.

Федералдық Тергеу Бюросының осы тергеуді жүргізуге көмек көрсету мақсатында жасаған қадамдары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тұжырымдарына сәйкес келетін нәтижелерге әкелді.

Мен Алтынбек Сарсенбаевпен кездескенмін, онымен жеке таныс едім және осы тергеудің аяқталғанына өте ризамын.

Жаңа тергеудің нәтижелері қаза болғандардың туған-туыстарының жан дүниелерін кішкене болса да орнықтырады деп сенемін.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.