You are here

Ақпараттық технологиялар терроризм және экстремизмге қарсы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы және Германияның IRZ халықаралық құқықтық қарым-қатынас қорының ұйымдастыруымен өткен «Ақпараттық технологиялар: терроризм және экстремизммен күрестегі рөлін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Форум жұмысына орталық мемлекеттік органдар, Алматы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары прокуратураларының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын Жамбыл облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов ашты. Ол талқыланып отырған тақырыптың терроризм мен экстремизмге тосқауыл қою шеңберіндегі прокуратура органдарының жұмысын жетілдірудегі өзектілігін атап өтті.  

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев жиналғандарға арнап сөз сөйледі.

Форумның күн тәртібінде терроризм мен экстремизмге тосқауыл қою, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып экстремистік идеологиялардың таралуын ескерту саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау болды. Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі, ақпараттық технологиялардың даму жағдайындағы халықтың діни сауатын көтерудегі қоғамдық институттар мен бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін арттыру бойынша пікір алмасу болды.

Дөңгелек үстел жұмысы барысында Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті экстремистік көріністерді ескерту және оларға тосқауыл қоюға бағытталған ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдарының ақпарат алмасу жүйесін таныстырды.

Неміс сарапшылары Германиядағы терроризммен күрес тәжірибесі, арнайы бөлімшедер қызметінің нормативтік-құқықтық негізі туралы айтты.

Форумның қатысушылары атап өткендей, жаңа ақпараттық технологиялар қадағалау қызметіне маңызды демеу болып табылады және олар терроризмге қарсы қызметте, осы саладағы қылмыстарды тергеуде белсенді қолдау көрсетуге бағытталған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.