You are here

Академияда прокуратураның жас қызметкерлері үшін кезекті кәсіби даярлау курстары басталды (Қосшы, 2017 жылғы 30 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында биылғы жылы алғаш рет прокуратураның жас қызметкерлері үшін кәсіби даярлау курстарының ашылу салтанаты өтті. Олар Бас прокуратураның «Прокуратураға – үздік кадрлар!» жобасы аясында іріктеудің жаңа рәсімі бойынша қызметке қабылданған.

Іс-шараны аша отырып Академияның бірінші проректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров Қазақстанның құқықтық жүйесін реформалау жағдайында ең күрделі мәселелерді шешуге қабілетті прокурорлардың кәсіби корпусын даярлау қажет екенін атап өтті. Сондықтан да курстардың басты мақсаты - бәсекеге қабілетті, заман талаптарына жауап беретін мамандарды даярлау. Сапалы мамандандырылған дайындық жас қызметкердің білімін толықтыруға, оның кәсіби бейімделуін қамтамасыз етуге және жас қызметкерге тиімді еңбек етуге көмектесе алады.

Сонымен қатар ол тыңдаушыларды заңгерлік білім беру жүйесін жетілдіру және күш құрылымдары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша жобаларды жүзеге асыруда Академия жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырып өтті.

Курстардың оқу бағдарламасы қадағалау органы қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, құқық қолдану тәжірибесінің қажеттіліктері негізінде жасалған.

Оқыту жас қызметкерлердің жалпы салалық, жазба, коммуникативтік, ақпараттық және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Прокуратура органдарында жобалық менеджментті игеру, шешендік қабілетті меңгеру, көшбасшылық және кәсіби маман үшін қажетті өзге де қасиеттерді дамыту бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар қарастырылған.

Даярлаудың тренингтік формалары енгізілді. Олардың шеңберінде практикалық тапсырмаларды қолдану, нақты жағдайларды талдау және оларға анализ жасау жоспарланып отыр. Оқытудың бұл формасы практикалық бағдарлануды қамтамасыз етеді және қажетті жұмыс дағдыларын қалыптастырады.

Жас мамандардың біліктілігін арттыру курстары бір айға созылады. Бұл еңбек жолының алғашқы кезеңінде прокурор үшін қажетті білім қорын меңгерген қызметкерлерді дайындап шығаруға мүмкіндік береді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.