You are here

А.Дауылбаев ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің атқарушы хатшысымен кездесті (Астана, 2015 жылғы 25 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-ші жиналысы аясында осы ұйымның атқарушы хатшысы Леонид  Ермолаевпен кездесті.

Кездесу барысында жоспарланып отырған жиналыстың күн тәртібі талқыланды, бұл жиын мерейтойлық болып табылады және ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің құрылғанына 20 жыл толуына арналады.

Тараптар форум барысында талқылауға ұсынылатын мәселелердің маңыздылығына назар аударды. 

Пікір алмасу барысында ТМД мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің 2014-2018 жылдарға арналған Жұмыс жоспарының орындалу мәселелері сөз болды.

ТМД БПҮК 1995 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. 2000 жылғы 25 қаңтардағы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен оған ТМД мемлекетаралық органы мәртебесі берілген. Осы құжатқа Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы,Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина қол қойған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.