You are here

Адам өміріне қолсұғушылыққа қарсы тиімді әрекет ету

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

11 тамыз 2017жыл,Астана. Кеше Бас прокуратурада адам өміріне қолсұғушылықпен байланысты қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Жиналыс жұмысына прокуратура, полиция қызметкерлері, жергілікті атқару органдарының өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев жиналысты аша отырып, талқыланып отырған тақырыптың   ерекше өзектілігін және адам өмірі мен денсаулығын қорғау құқық қорғау органдарының маңызды мақсаты болып табылатынын айрықша атап өтті. Сондықтан да осындай тақырыптың таңдалуы кездейсоқ емес, ол қылмыстылықтың жағымсыз құрылымдық өзгерістеріне байланысты.

Дөңгелек үстелде Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің алдын ала жасалған нәтижесі талқыланды.

1997 жылдан бастап тіркелетін қылмыстардың саны 3 есеге қысқарған. Алайда аталған қылмыстардың санаттық құрамдарының саны артуда.

Кейінгі 5 жылда құрбан – жүкті әйелдердің саны 5 есеге, екі жыл ішінде көп адамдардың өміріне қауіп келтіретін жолмен қылмыс жасайтын қылмыскерлердің саны екі есеге көбейген. Бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған қылмыскерлердің саны екі есеге өскен. Әрбір екінші қылмыс алкогольдік масаң күйде жасалған. Әрбір үшінші қылмыскер – маскүнем.

Қылмыстардың ең көбі Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалған.

Құрылымды, қылмыс көрсеткішінің өзгеру қозғалысын ары қарай зерттеу осы құбылыстың жалпы көлемін бағалауға көмектеседі және адам өміріне қолсұғушылықпен байланысты қылмыстылыққа қарсы іс-әрекеттің тиімді формасы мен әдісін ойлап шығаруға мүмкіндік береді.

Дөңгелек үстелдің  қорытындысы бойынша өзара іс әрекет ету, аталған қылмыстың түрімен күрестің және оны алдын алудың ғылыми-практикалық тәжірибесімен алмасу жөніндегі ұсыныстар әзірленді.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.