You are here

Бас прокуратурада түрме реформасының IV-ші форумы өтеді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

А.ж. 23 ақпанында сағат 10.00-де Бас прокуратура ғимаратында  IV-ші Түрме реформасы форумы өтеді, онда  2013-2016 жылдар аралығында атқарылған жұмыстың нәтижелері қаралады.

Форум барысында осыған дейін ұсынылған «Түрмедегі адамдардың санын азайтудағы 10 шара», «Колониялардағы жұмыспен қамту - 2017» және «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің» атты жобалардың жүзеге асырылуы талқыланады.

Сонымен қатар форумның екінші бөлігінде «Азаптаусыз қоғамға» атты Бас прокуратураның жаңа жобасы мен оларды тоқтатудың жоспары презентациясы өтеді.

Форумның серіктестері мен бірлесіп ұйымдастырушылары ретінде Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ өкілдігі, Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасы және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қатысады.

Аталған шараны БАҚ-та кеңінен жариялау үшін тілшілер шақырылады.

Өткізу режимінен өту рәсімін ескере отырып БАҚ өкілдерін ертерек сағат 9:30-да келулерін сұраймыз.

Өткізілетін орны: Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 14 үй, Бас прокуратураның ғимараты, Мәжіліс зал.

Шараның барысы онлайн режимде көрсетіледі https://www.facebook.com/GenProkRK.

Тіркелу а.ж. 22 ақпан сағат 15.30-ға дейін мына электрондық мекен-жайы бойынша жүргізіледі: 7172235@prokuror.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 71-28-19

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.