You are here

2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы (Астана, 2016 жылғы 22 шілде)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Алқада 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттер айқындалады.

Мәжіліске Парламент депутаттары, Бас прокуратураның жанындағы Консультативтік кеңестің мүшелері және Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Өткен жартыжылдықта азаматтардың, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының және кәсіпкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге, еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыру қадағалау органдары қызметінің басым бағыттары болды.

Сөйтіп, әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 360 мың адамның құқықтарын қорғады, олардың жартысы – балалар. Қадағалау органдарының ықпал етуімен 40 мың жұмысшы мерзімі өтіп кеткен 4 млрд. теңге жалақыларын алды. 2,5 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды, 154 мүгедек мемлекеттік баспана алды.

25 млрд. теңгені құрайтын 720 заңсыз мемлекеттік сатып алудың күші жойылды. Ұлттық қорға 12 млрд. теңге қайтарылды, республикалық бюджет 45 млрд. алды. Жалпы құны 14 млрд. теңгені құрайтын заңсыз бөлінген жер телімдері мемлекетке қайтарылды.

Прокурорлар араласқаннан кейін ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен және уақытша ұстау абақтыларынан 205 заңсыз ұсталған азамат шығарылды. Тергеушілер қамауға алғылары келген 2 мың күдікті босталып, оларға кепіл қолданылды.

Прокурорлардың наразылықтары бойынша 182 сотталған тұлға соғұрлым жеңіл жаза алды. Тұтастай алғанда прокурорлардың бастамалары бойынша 698 сот актілері түзетілді. Азаматтардың пайдасына 1 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын сот шешімдерінің орындалуына қол жеткізілді.

Прокурорларға өз шағымдарымен жүгінген 14 мың азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Осы бұзушылықтар бойынша 40 мыңнан астам лауазымды тұлға жазаланды, соның ішінде 209 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау және құқық қорғау қызметінің жетістіктеріне тоқталған Бас Прокурор елеулі кемшіліктерді де атап көрсетті, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берді. Атап айтқанда, құқық қорғау органдарына халық сенімінің төмен болуының негізгі себептеріне тоқталды. Кадрлардың кәсіби деңгейінің төмендігі басты проблемалардың бірі ретінде айтылды. Қалыптасқан жағдай кадр саясатының қағидаларын түбегейлі қайта қарауды, персоналды іріктеудің алдыңғы қатарлы құралдарын енгізуді талап етті. «Ұлт жоспары прокурорлардың кәсіби корпусын қалыптастыруға мүмкіндік береді. «100 нақты қадамның» нәтижесінде мемлекеттік аппаратқа азаматтардың және елдің мүдделерін қорғауға қабілетті ең үздіктер ғана іріктелетін болады»,-деп атап көрсетті Бас Прокурор.

Жергілікті жерлердегі прокурорлардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында олардың қызметтерін бағалаудың өлшемдерін түбегейлі өзгерту, жұмыстың ескірген әдістерінен бас тарту қажеттілігі аталып өтілді. Прокуратура қызметіне жобалық менеджмент қағидаларын енгізу қажет, оның басты артықшылығы нәтижеге бағытталған командалық жұмыста. «Жұмыс істегісі және өскісі келетін әрбір прокурордың тиімді болуы міндетті саналады. Ол қазіргі заманғы менеджменттің технологиясын игеруі тиіс»,-деді Ж.Асанов.

Алқа жиналысы барысында Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелері неғұрлым сезімтал әлеуметтік мәселелер бойынша өз жобаларын таныстырды («Алдаусыз үлескерлік баспана», «Тиімді шағымдар қоғамына», «Кәсіпкерлікті қорғау», «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» және т.б.).

Азаматтардың өтініштерімен жұмыс, халықпен кері байланысты орната білу ерекше назарды талап етеді. «Қызметкер әрбір іске, өтінішке, шағымға жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс. Жұмысты бағалаудың ұстанымдарын өзгерту қажет. Біздер жәй есеп үшін емес, азаматтарды қорғауға жұмыс істеуіміз керек. Билікке сенім осыдан тәуелді»,-деп атап көрсетті Бас Прокурор.

Жақып Асанов халықпен өзара тығыз іс-қимылды орнатудың, тұрғындарды әртүрлі ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсетті.

Атап айтқанда, прокурордың 100 практикалық кеңесін жарыққа шығару көзделіп отыр, бұл әртүрлі өмірлік жағдайлар бойынша нақты ұсыныстардан құралады.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас Прокурор қадағалау және құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар жауапты міндеттер қойды. Прокурорлардың қызметі алдағы жарты жылда қылмысты ескерту жөніндегі профилактикалық іс-шараларды күшейтуге, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауға бағытталған шараларды қабылдауға бағдарлануы тиіс.

Жер қатынастарын реттеу, еңбек дауларын ескерту, үлескерлер мен ипотекашылардың құқықтарын қорғау, теріс пиғылды құрылысшылардың қызметіне бақылауды күшейту мәселелері      прокурорлардың ерекше назарын талап ететін неғұрлым өзекті проблемалар ретінде белгіленді. Осы жұмыстардың аясында үлескерлік құрылысқа қатысушыларды қорғауға бағытталған алдағы заңнамалық өзгерістерді түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық жұмысты ұйымдастыру тапсырылды.

Сондай-ақ экстремистік көріністердің профилактикасына, терроризм қаупін, олардың қоғам мен мемлекетке тигізетін теріс әсерлерін азайтуға бағытталған жүйелі жұмысты қамтамасыз ету жүктелді.

Кәсіпкерлікті қорғау саласында мемлекеттік органдардың бизнеске заңсыз араласуынан қорғау кепілдігін қамтамасыз ету, негізсіз тексерістер санын қысқарту тапсырмасы қойылды.

Сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу, есепке алу-тіркеу тәртібі, соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету, мемлекеттік айыптауды қолдау салаларына, сот актілеріне, атқарушылық өндіріске қадағалауды күшейтудің маңыздылығы аталып өтілді.

Бас Прокурор алға қойылған тапсырмаларды тиімді жүзеге асыруды, кемшіліктерді жою, қадағалау органының жұмыс тиімділігінің басты индикаторы болып табылатын халықтың сенімін арттыру  бойынша тиісті шараларды қабылдауды талап етті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.