You are here

2015 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан Республикасы жолдарындағы апаттылық және жарақат алу жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының  Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша  2015 жылдың қаңтар айында 1210 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, онда  1737 адам қаза болған және жарақат алған.

Бұл ретте,  ЖКО  салдарынан 148 қаза болғандардың 96-ы ер адам және 52-і әйел адам, оның ішінде 18-і кәмелетке толмағандар, ал 1589 жарақат алғандардың – 790-ы  ер адам және 799-ы әйел адам, оның ішінде 256-ы кәмелетке толмағандар.

ЖКО-да  ең көп қаза тапқандар саны Алматы –35,  Оңтүстік  Қазақстан -23,  Ақтөбе - 15 облыстарында тіркелді.

Елді мекендерде -934, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда – 120, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда  63 жол-көлік оқиғалары жасалған.

Ең қауіпті Алматы қаласының жолдары болып отыр, онда  адамдардың  опат болуына және  жарақат алуына алып келген  372 ЖКО болды, сондай-ақ Оңтүстік  Қазақстан – 157, Алматы–132, Шығыс Қазақстан облыстарында 127  ЖКО болған.

Аталған  оқиғаларға  1771    көлік құралдары қатысқан, оның ішінде 1618-і жеңіл автокөліктер,  89-ы автобустар, 52-і жүк көліктері. Осы көліктердің жалпы санының 77-і оң рульді автомобильдер.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі, яғни, 483-і  құрғақ жол жабынында, 188-і  дымқыл жолдарда және 284-і қарлы  жолдар тарабында орын алған.

Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының себептері өзгеріссіз күйінде қалып отыр. Бұрынғыша ЖКО көбінесе Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда. Мәселен, жүргізушілердің кінәсінен 1135  жол апаты болған.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда ЖКО саны 12,6%, ондағы қаза болған адамдардың саны 7%-ға  төмендегенін атап өткен жөн. Бұл  өкілетті органдардың жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы жоспарлы түрде жүргізген алдын алу жұмыстары нәтижесінің айқын айғағы. 

Еліміздегі  ЖКО туралы жан-жақты ақпаратты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында орналасқан «Ақпараттық сервис» бөлімінің http://service.pravstat.kz/portal мекен-жайынан алуға болады.

Бас прокуратура Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.