You are here

2015 жылдың 3 айындағы еліміздің жолдарындағы апаттылық және жарақат алу жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының  Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша 2015 жылдың 3 айында 2014 жылдың  осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 3 пайызға төмендеген.

 Еліміздің жолдарында 3 686 жол-көлік оқиғасы болып, онда  5 112 адам жарақат алған, ал өткен жылдың 1-тоқсанында 3 872 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 5 111 адамның денсаулығына зақым келген.

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жарақат алушылардың саны да төмендегені байқалады, егер 2014 жылдың 1-тоқсанында 4728 болса, онда 2015 жылдың 1-тоқсанында 4672-ні құрап отыр.

Барлық ЖКО-ның 30 пайызы Алматы қаласында болып отыр, соның  өзінде 2015 жылы осы аймақта жол-көлік оқиғалары азайып, ол 1 163 ЖКО-ны құрады. Апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан болып отыр, онда 44 ЖКО орын алған.

Ақмола 72 (127) және Қостанай 102 (136) облыстарында ЖКО аз жасалған. Астана қаласында 159 (121) және Жамбыл 241 (220) облысында ЖКО-ның біршама өсуі байқалады.

ЖКО нәтижесінде  жарақат алғандар саны бойынша  да Алматы қаласы  алдыңғы орында, алайда мұндағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  төмендеген 1386 (1531). Сондай-ақ, ЖКО салдарынан Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарында жарақат алған адамдардың саны азайып келеді.

Керсінше, осы жылы Астана қаласында, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында ЖКО-да жарақат алған адамдар санының сәл өскендігі байқалады.

Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының себептері өзгеріссіз қалып отыр. Бұрынғысынша ЖКО көбінесе немесе 90%-ы Жол  қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда. Мәселен, жүргізушілердің кінәсінен 3 468 жол апаты болған, оның ішінде 93 жүргізуші алкогольдік немесе есірткілік мастану күйінде болған.

Елімізде тіркелген ЖКО туралы жан-жақты ақпаратты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтында http://service.pravstat.kz/ адресі  бойынша «Ақпараттық сервис» бөлімінде орналасқан Жол апаттылық  картасынан алуға болады.

Ескерту: «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алулар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет адамдардың қаза болуына немесе жарақаттануына әкеп соққан жол-көлік оқиғаларын ғана есепке алады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.