You are here

2014 жылғы қылмыстылық ахуалы жөніндегі баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Өткен 2014 жылы Қазақстан Республикасында 2013 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстар деңгейі 5,2 пайызға (359 844-тен 341 291-ге) азайды.

Қылмыстың барлық түрлері бойынша төмендеу байқалды, оның ішінде аса ауыр қылмыстар – 18,2 пайызға (2629-дан 2150-ге), ауыр қылмыстар – 17,4 пайызға (33 836-дан 27 941-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 2,8 пайызға (279 389-дан 271 592-ге), ауыр емес қылмыстар 10 пайызға (43 990-нан 39 608-ге) азайған.

Мемлекеттік органдардың қылмыстың профилактикасы бойынша іс-әрекеттерін үйлестіру олардың негізгі құрылымын құрайтын қылмыстардың төмендеуіне мүмкіндік берді. Мәселен, өткен жылы ұрлық жасау -1,5 пайызға, оның ішінде үйге ұры түсу - 2,9 пайыз, бұзақылық -15 пайызға, ал тонау- 24 пайызға азайған, қылмыстың бұл түрлері елімізде жасалған барлық қылмыстардың 72 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, алкогольдік ішімдікке және есірткіге мас болу жағдайында жасалған қылмыстар – 4,3 пайызға, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар -16,9 пайызға азайса, көшеде жасалған қылмыстар 10,5 пайызға, ал қайталама қылмыстар 7,2 пайызға төмендеген.

Сол сияқты, әлем бойынша нақты криминогенді жағдайға баға беретін индикатор болып саналатын қылмыстардың да төмендегені байқалады. Мәселен, кісі өлтіру саны 19,3 пайызға, қарақшылық 29,7 пайызға кемісе, бопсалау 19,2 пайыз азайған.

 

Қоғамдағы нақты қылмыстылық ахуалын көрсететін дәл осы қылмыстар.

Астана, Алматы қалалары және Солтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда, қылмыстың азаюы еліміздің барлық өңірлерінде байқалады.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.