You are here

2014 жылғы Қазақстан Республикасы жолдарындағы апаттылықтың және жарақат алушылықтың ахуалы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша  2014 жылы 20 378  жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, онда  28 527 адам қаза болған және жарақат алған.

Бұл ретте,  ЖКО  салдарынан 2 585 қаза болғандардың 1 906-сы ер адам және 679-ы әйел адам, оның ішінде 232-сі кәмелетке толмағандар, ал 25 942 жарақат алғандардың – 14 011-і  ер адам және 11 931-і әйел адам, оның ішінде 4 632-сі кәмелетке толмағандар. 

ЖКО-да ең көп қаза тапқандар саны Алматы – 468,  Оңтүстік  Қазақстан – 432,  Қарағанды – 210 және Жамбыл – 203 облыстарында  тіркелді.

Елді мекендерде – 16 334, халықаралық, республикалық маңызы бар жолдарда – 1 887, облыстық, аудандық маңызы бар жолдарда 1 048 жол-көлік оқиғалары жасалған.

Апат қаупі ең жоғары Алматы қаласының жолдары болып отыр, онда  адамдардың  опат болуы мен жарақат алуына себепкер болған 5 588 ЖКО орын алды, сондай-ақ Оңтүстік  Қазақстан – 3 370, Алматы – 1 834, Шығыс Қазақстан -  1 463  және Жамбыл облыстарында 1 293 осындай ЖКО болған.

Аталған жол оқиғаларына  29 219 көлік құралдарының қатысы болған,оның ішінде25 574-і жеңіл автокөліктер,  1 124-і автобустар, 1 042-сі жүк көліктері. Осы көліктердің жалпы санының 1 139-ы оң жақ рульді автомокөліктер.

Жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі, яғни, 14 123-і құрғақ жол жабынында, 2 317-сі дымқыл жолдарда және 1 247-сі қарлы жолдар тарабында орын алған.

Статистика көрсетіп отырғандай, жол апаттарының себептері өзгеріссіз күйінде қалып отыр. Бұрынғысынша, ЖКО көбінесе Жол  қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен орын алуда. Мәселен, өткен жылы жүргізушілердің кінәсінен 18 923 жол апаты болған.

Алдыңғы жылмен салыстырғанда ЖКО саны 14 пайызға азайғанын, және онда қаза болған адамдардың саны 15 пайызға  төмендегенін атап өткен жөн. Бұл  өкілетті органдардың жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы жоспарлы түрде жүргізген алдын алу жұмыстарының нәтижесінің айқын айғағы және азаматтардың саналарының да артқандығын көрсетсе керек.  

Еліміздегі ЖКО туралы жан-жақты ақпаратты Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтындағы http://service.pravstat.kz/portalмекен-жайы бойынша орналасқан «Ақпараттық қызмет» бөлімінің Жол апаттылық картасынаналуға болады.

ҚР  БП Құқықтықстатистика және арнайы есепке алужөніндегі комитетінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.