You are here

2014 жылдың 8 айындағы Қазақстан Республикасы жолдарындағы апат және жарақат алушылық жағдайы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Адамдар үшін қозғалыс құралдарының ішіндегі ең қауіптісі автомобиль көлігі  болып отыр. Статистикада қаза болғандар мен зардап шеккендер саны бойынша  жол-көлік оқиғалары (ЖКО) бірінші орында тұр. 

Республикада 2014 жылдың 8 айында 12 630 ЖКО тіркелді, онда 17 690 адам қаза болып және жарақат алған.

Бұл ретте ЖКО  зардабынан 1 572 қаза болғандардың 1 163 ер адам және 409 әйел адам, оның ішінде 163 кәмелетке толмағандар, ал 16 118 жарақат алғандардың – 8 775 ер адам және 7 343 әйел адам, оның ішінде 1950 кәмелетке толмағандар.

Ең қауіпті Алматы қаласының жолдары болып отыр, онда  3 555 ЖКО болып, салдарынан 3555 адам опат болып және жарақат алған, бұл көрсеткіш: Оңтүстік Қазақстан – 2 081, Алматы – 1 114, Шығыс Қазақстан - 882 және Жамбыл облыстарында 795 адам.

ЖКО ең көп қаза тапқандар саны Алматы – 276, Оңтүстік  Қазақстан - 257, Жамбыл - 140, Шығыс Қазақстан  облыстарында – 107 және Алматы қаласында – 108 тіркелді.

Талдау көрсеткендей, жол апатының болу себептері сол бұрынғы күйінде яғни көбінесе, жол жүргізу ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің кінәсінен болып жатады,  атап айтқанда, ЖКО жылдамдықты арттыру  - 3357, жаяу жүргіншілер жолдарынан өту тәртібін бұзу - 1032,  қарсы қозғалыс жолына шығу  - 733, көлік құралын мас (есірткі) елтіген күйінде басқарғандар – 471.

Сонымен қатар, 526 ЖКО жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі салдарынан болған.

Еліміздің  жолдарында болған 2007 ЖКО  айыр зардаптар әкелген, оларда 736 адам қаза болған, елді мекендерде болған  8 621 ЖКО салдарынан 518 адам қаза болған.

ЖКО елеулі саны демалыс күнінің алдында болады, бұл алдағы демалыс күндерде демалуға қаладан тез шығуға немесе басқа да отбасы жағдайымен, не қайта оралу үшін жүргізушінің асығуынан қозғалыс қарқындылығының жоғарылауына әкеп соғады. Нәтижесінде жол қозғалысы Ережесі бұзылады, әсіресе, жылдамдықты арттыру тәртібін сақтаумен байланысты.

Сонымен қоса, алдынғы жылмен салыстырғанда оқиға саны 3,6% азайды, бұл ретте, ондағы қаза болған адамдардың саны 13,8% азайды, бұл өз кезегінде уәкілетті органдар тарапынан  жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы жоспарлы алдын алу жұмыстарының нәтижесі және азаматтардың сана деңгейінің жоғарылауынан болып отырған жағдай деуге болады.  

Еліміздегі  ЖКО туралы жан-жақты ақпаратты Жол апаттылық  картасынан алуға болады, бұл  Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтындағы «Ақпараттық сервис» бөлімі http://service.pravstat.kz/portal  мекен-жайы бойынша қол жетімді.

Одан жолдың жағдайын және көшелердің жарықтығын, ЖКО қатысушылардың жағдайын, жол жүргізу  куәлігінің  болуы-болмауы оқиға болған басқа да жағдайларды  түгел қарауға  болады,  ол үшін курсорды қалаған белгіге апарса жеткілікті.

ҚР БП Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі

комитетінің Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.