You are here

2014 жылдың 6 айы бойынша жол-көлік оқиғаларын есепке алу жағдайы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2014  жылдың 6 айындағы жол-көлік оқиғаларын және одан зардап шеккен адамдарды есепке алу мәліметтеріне сәйкес, Республика бойынша барлығы 8608 ЖКО тіркелген, ал 2013 жылдың ұқсас кезеңінде  8462 ЖКО тіркелген болатын.

Осылайша, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда үстіміздегі кезеңде тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 146 немесе 1,7 %-ға артқаны байқалады.

Егер әрбір облыс бөлігінде қарайтын болсақ, жол-көлік оқиғаларының көпшілігінің Алматы қ. – 2425 (2013), Оңтүстік Қазақстан – 1408 (1442), Алматы  – 799 (695), Шығыс Қазақстан – 580 (617), Жамбыл – 549 (690)  облыстарында жасалғаны байқалады.

Үстіміздегі кезеңде ЖКО көпшілігі жаяу жүргіншілерді соғып кету салдарынан – 3999(3862), көлік құралдарының соқтығысуынан - 2983(2924), кедергіге соқтығысудан – 411(394), аударылу салдарынан - 686(719), жолаушының құлауынан –  230(184), тұрған көлік құралын соғып кетуден - 133(91), жануарларды соғып кетуден - 14(25), велосипедшілерді басып кетуден – 160(139), сондай-ақ басқа да оқиға түрлерінің салдарынан – 105(106) орын алды.

Жасалған ЖКО-ларына жол қозғалысы ережелерін сақтамау, атап айтқанда жылдамдықты арттыру – 2517, жаяу жүргіншілер жолдарынан өту тәртібін бұзу кезінде – 912, қарсы қозғалыс жолына шығу – 624, жаяу жүргіншілердің жолдардың белгіленбеген бөліктерінен өтуі – 461, көлікті мас күйінде басқару салдарынан – 326, басқа себептерден – 2438 болды.

Жол-көлік оқиғаларының боолған жеріне сараласақ, олардың  көпшілігі елді-мекендерде жасалған – 7123(6685), олардан 404(466),  адам қаза тапты. Жолдарда және тас жолдарда - 1600 ЖКО тіркелді, олардан 583 адам қаза тапты.

Жалпы, Республика бойынша жағдай өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендегідей көрініс табады.

ЖКО-да 1015 (1167) адам қаза тапты және 10 911 (10 837) адам жараланды.

Бұл ретте, қаза болғандардың ең көп саны Алматы – 198 (206), Оңтүстік Қазақстан – 159 (200), Жамбыл – 90 (113), Шығыс Қазақстан – 71 (66), облыстарында және Алматы қаласында – 60 (63) тіркелді.

Жол жүру ережелерінің бұзылуынан көрінетін тәртіпсіздік, атап айтсақ жылдамдықты жоғарлату, жаяу жүргіншілер жолымен жүру ережесін бұзу, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу және жаяу жүргіншінің белгіленбеген жерде жүру бөлігінен өту жүргізушілердің ЖКО жасауының негізгі себебі болып отыр.

Жоғарыда аталған мәліметтер  ЖКО деңгейінің  кауіпті жағдайда екенін көрсетеді, ендеше күнделікті өмірде жол оқиғаларына тікелей қатысы бар барлық азаматтардың, жаяу жүргінші, жүргізуші және жолаушылардың  барынша сақ болғаны жөн.

Жол көлік оқиғаларының алдын алу және ЖКО-да зардап шеккен адамдардың жарақат алу санын  төмендету мақсатында жол полициясы органдарына ҚСжАЕК сайтындағы «Апаттылық картасы» ақпараттық жүйесін пайдалана отырып жол қозғалысына қатысушылармен (жаяу жүргіншілер, жүргізушілер) жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағдар берілді.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.